Print previewPrint

Қазақстан Республикасының қаржы министрлігінде Наурыз мейрамына орай мерекелік концерт өтті

3/18/2016

Бүгін Қазақстан Республикасының қаржы министрлігінде Наурыз мейрамына арналған мерекелік концерт өтті.

Министрліктің ұжымын  қаржы министрі Бахыт Сұлтанов - « Еліміздің мың жылдық тарихында табиғатымызды жаңартып өмірге келтіретін, әрі рухани тазаруына сепші болатын, қоғамдағы бірлікпен келісімді нығайтатын   Наурыз мейрамы жұртшылықтың ең сүйікті мерекесіне айналды» деген жылы лебізімен құттықтады.

Мерекелік  іс–шара кезінде Бахыт Сұлтанов қаржы экс-вице-министрі Лена Кармазинаға Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жылдығына арналған «Еңбек ардагері» медалін ұсынды.
 
Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған Министрлік қызметкерлерінің  арасында өткен мини-футболдан  жарыс жеңімпаздарының командасы құттықталды.

Жаңа жылды қарсы алуға ұйымдастырылған театралдық қойылым кезінде  қазақ  ұлттық  салты «тұсау кесу» өтті. Өте маңызды салтанатты Министрліктің қызметкерлері әрі тұсауы кесілген Бақытбек Сұлтанның ата-анасы Қаржы министріне кескізді.
 
Ұлтымыздың «тұсау кесу», баланың туылуна байланысты  «бесікке салу» , келінмен таныстыратын «бет ашар»  сынды салттары еліміздің дәстүрлерімен танысуға жол ашады.

Іс – шараның аяқталуы  әуенді музыкалық қойылымдармен қазақ ұлттық өлеңдерімен өтті.
 
Қызметкерлер бір – бірін сәтті жаңа жылдың өтуін тілеп наурыз көжемен түрлі тәттілерден дәм татты.

Қаржы Министрлігі  барлық отандастарымызға берекелі жыл тілейді. Наурыз мерекесі әр отбасыға бақытпен денсаулық, шаттықпен қуаныш алып келіп, елімізде  бірлікпен татулық болсын!