Print previewPrint

Кәсіптік этика мен ашықтық – Мемлекеттік сатып алуды кәсібилендіру үшін негізгі құрамдастары

5/17/2016

Мемлекеттік сатып алу жүйесін реформалау тәжірибелерімен және практикаларымен бөлісу үшін Еуропа және Орталық Азия елдерінен мемлекеттік сатып алу мәселелері жөніндегі мамандар Астанада бас қосты.

АСТАНА, 2016 жылғы 17 мамыр – мемлекеттік сатып алу жүйесін реформалау тәжірибелерімен және практикаларымен бөлісу үшін Еуропа және Орталық Азия елдерінен мемлекеттік сатып алу мәселелері жөніндегі мамандар Астанада бас қосты. Мемлекеттік сатып алу және мемлекеттік басқару саласындағы өңіраралық ынтымақтастық мәселелері 12-інші Сатып алу, кәсіптік этика, басқару және ашықтық форумының шеңберінде талқыланады.

 

12-інші Форумның ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады, ол мемлекеттік сектордың ашықтығы мен есеп беруін көтеруге өз ниеті мен дайындығын ашық көрсетті.

Соңғы жылдары Қазақстан мемлекеттік қаржы-қаражатын басқару жүйесін күшейтуге бағытталған бірқатар іргелі реформалар өткізді. Осы бастамалардың нәтижесі мемлекеттік сатып алуды өткізу және қаржылық басқару үшін сапалы заңнамалық негіз, сондай-ақ орта мерзімді жоспарлау мен бюджетті белгілі физикалық және қаржылық нысаналы  көрсеткіштермен жасау үшін стратегиялық түпмәтін, ашық және тиімді электрондық мемлекеттік сатып алу жүйесін қоса алғанда, жетілдірілген сатып алу рәсімдері болып табылды.

 

Дүниежүзілік Банкпен бір қатарда Азия даму банкі (АДБ), Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ), Еуропа инвестициялық банкімен (ЕИБ) ынтымақтастықта Ислам даму банкі (ИДБ), Орталық және Шығыс Еуропа елдерінде мемлекеттік басқаруды жетілдіруге жәрдемдесу бағдарламасы (СИГMA),Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) және Халықаралық сауда-саттық құқығы жөніндегі БҰҰ (ЮНСИТРАЛ) осы іс-шараны ұйымдастырушылар болып табылады.

 

Осыдан он жыл бұрын Қазақстанның, Қырғыз Республикасының, Тәжікстан мен Өзбекстанның өкілдері тәжірибе алмасу бойынша бірыңғай платформа әзірлеу үшін алғаш рет кездескен еді. Содан бері бұл бастама жыл сайынғы Платформа деңгейіне дейін өсті және Еуропа және Орталық Азия өңірінде және одан да тыс 24-тен астам мемлекетті біріктірген практик-мамандардың салмақты қоғамдастығын құру үшін түрткі болды. Бұдан алдыңғы форумдар мемлекеттік сатып алудың тауарлар мен қызметтерді орталықтандырып сатып алу, мемлекеттік сатып алу саласындағы ашықтық пен кәсіптік этика, сатып алу тиімділігін бағалау және т.б. сияқты озат реформаларға назар аудартатын.  

«Астанадағы 12-інші Форум оған қатысушы 25 елдің байланыс орнату мен тәжірибе алмасу жөніндегі платформа жұмысын жалғастыруға даяр екеніне сендіріп куәландырады. Форум өзінің пісіп жетілген деңгейіне жетті, ол өңірлік және жаһандық деңгейде мемлекеттік сатып алу саласындағы тиімді де орнықты ынтымақтастықты ынталандыру үшін мемлекеттік сатып алу саласындағы негізгі әріптестердің барлығына өз білгендерін, тәжірибелері мен идеяларын еркін ортаға салуына толық мүмкіндік беріп отыр.», - деп атап көрсетті Дүниежүзілік Банктің Еуропа және Орталық Азия бойынша Вице-президенті Сирил Мюллер.

 

 

Үш күн бойында Форум қатысушылары сатып алу функцияларын кәсібилендіруге екпін жасай отырып, мемлекеттік сатып алу жүйесін реформалау тәжірибелерін және практикаларын талқылайтын болады. Көптеген елдерде сатып алу функциясы осы күнге дейін жеке кәсіп ретінде қаралмай келеді, осының салдары сатып алу саласында кәсіби тәжірибе қалыптастырудағы кейінге қалу болып табылады.

 

Солай болса да мұндай кәсібилендіру үкіметтерге мемлекеттік сатып алу жүйесін реформалау мен жаңғырту нәтижелерін қолдауға көмек көрсетуде өте-мөте маңызды рөл атқарады. Ашық және әділ мемлекеттік сатып алуды қамтамасыз ету қаражатты тиімді жұмсау және сапалы да уақтылы қызмет көрсету үшін негіз құрады.

 

 

Өңірлік және өңіраралық ынтымақтастықты дамыту шеңберінде қатысушылар қызмет көрсету жүйесін одан әрі жетілдіру үшін халықаралық және екіжақты донорлар тарапын белсенді тарту мен қолдау жолымен желілік қоғамдастықты күшейтуді жоспарлап отыр.

 

 

Әрбір ел сатып алу жүйесінде белгілі бір іс-шараны ұсынады деп күтілуде, оны жыл бойында бақылап отыру қажет болады. Басқа елдерден келген әріптестердің тәжірибелерін ескере отырып, әрбір ел іс-шаралар жоспарын әзірлейді және ұсынады, оның мониторингін үкіметтер, халықаралық қаржы ұйымдары мен сатып алу саласындағы басқа да сарапшылар жүзеге асыратын болады.

 

 

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі