Print previewPrint

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты жиналыс өтті

11/30/2016

Тұңғыш Президент күні

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов әріптестерін жылы сөздермен құттықтады. Тұңғыш Президент күні  биылғы жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуымен тұспа - тұс келгенін атап өтті. Мемлекет басшысы  - Ұлт көсбасшысының еліміздің қалыптасуына үлкен үлес қосқаны туралы жақында Қазақстан Республикасы Парламентімен қабылданған Тәуелсіздік декларациясында сипатталған.

Мерекелік іс –шара барысында Қаржы министрлігінің  бөлімшелері арасында өткен шағын футбол бойынша турнир жүлдегерлерін  құттықтау болып өтті. Турнир жүлдегері «Оңалту және активтерді басқару компаниясы» АҚ командасына Кубог табыс етілді. Спорттық іс-шараның жүлдегерлері Мемлекеттік кірістер комитетінің командасына және Министрліктің орталық аппарат командасына құрметті грамоталарымен марапатталды.

Мерекелік іс-шара әсем концерттік нөмірлермен сүйемелденді.

  

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі