Print previewPrint

Қаржы министрлігі әлеуметтік желілермен және бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс бойынша аймақтық баспасөз хатшылары үшін екі күндік семинар ұйымдастырды

4/30/2019

Орталық коммуникациялар қызметінің қолдауымен ұйымдастырылған «БАҚ-пен өзара әрекеттесу және әлеуметтік желілерде ақпараттық қолдау көрсету» оқу семинарына өңірлерден 40-қа жуық адам қатысты.

Семинарды ҚР Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Ерұлан Жамаубаев ашып, іс-шараның маңыздылығы мен уақтылығын атап өтті.

Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы аймақтардағы баспасөз хатшылардың жұмысының негізгі бағыттарын талқылап, оларды бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз қарым-қатынас орнатуға және олар арқылы тиімді PR қолдауын белсенді жүргізуге шақырды.

«Өздеріңіз білетіндей, бүгінгі таңда басымды міндеттердің бірі - Елбасы басты назар аударатын цифрландыру болып табылады. Бұл жерде сауатты білу және халыққа «Сандық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асырудың мәнін анықтау, цифрлаудың барлық кемшіліктерін түсіндіру, оның артықшылықтары туралы айту өте маңызды. Бұл жұмыста бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз қарым-қатынас орнатуға және тиімді PR қолдауын белсенді түрде жүргізуге тиіс баспасөз қызметкерлерінің кәсібилігі мен құзырлығына байланысты болады », - деп, атап өтті, Е.Жамаубаев.

Оның айтуынша, өңірлерде қызықты және жоғары сапалы ақпараттық материалдар тапшылығы байқалады, осыған байланысты өңірлерден алынған ақпараттың сапасын - оның сенімділігі мен пайдалылығын жақсарту қажет.

Ол сондай-ақ, семинар баспасөз хатшыларына өз жұмысын көрсетуге, проблемалық мәселелер туралы әңгімелесуге, бір-бірімен танысуға, тәжірибе алмасуға және жаңа жұмыс бағыттарын талқылауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Семинардың алғашқы күнінде қатысушылар баспасөз қызметінің жұмысындағы негізгі ережелерді, стратегиялық ақпаратты басқаруды, баспасөз қызметтерінің өзара іс-қимылын, бұқаралық ақпарат құралдарымен

жұмыс істеуді, мақсатты аудиториялармен қарым-қатынас ерекшеліктерін және әлеуметтік желілерде көрнекі коммуникацияны талқылады.

Семинарға қатысушыларға пресс-релиздерді жазу ережелері мен құрылымы, оларды дайындаудағы жиі қателіктер, әлеуметтік желілерде жұмыс істеу, мазмұнды жариялау ережелері, қазақ тілінде сөйлейтін БАҚ-мен қарым-қатынас туралы баяндалды. Осы мәселелер бойынша баяндамашылар

журналист - Қарлығаш Жүсіпбекова, SMM маманы - Булбұл Суранчиева, PR маманы Айгүл Ешмағамбетова сөз сөйледі.

Маңғыстау облысы бойынша МКД бас маманы Мақсат Ақмұратов аумақтық органдардың баспасөз қызметіндегі проблемалық мәселелер туралы баяндады.

Белгілі PR-маман Ерлан Асқарбеков аймақтық баспасөз хатшыларға Қаржы министрлігінің қызметінде жариялық технологияларды пайдалану туралы, сондай-ақ дағдарысқа қарсы PR және медиа-психология құралдары туралы айтты.

Семинардың екінші күні «Чек талап ет-автомобиль ұтып ал!» науқанының басталуы бойынша МКК брифингі өткізілген ОКҚ алаңында өтті.

Сондай-ақ ОКҚ коммуникация бөлімінің басшысы Әлібек Әбділов, басқарма бас сарапшысы Дәурен Мамырбеков, ОКҚ модераторы Кымбат Қали семинарға қатысушыларды баспасөз іс-шараларын - ашық және жабық форматты ұйымдастыру, теледидармен жұмыс жасау, видео сұхбаттасу үшін спикерді дайындау туралы баяндады.

Семинарға қатысушылар үшін ситуациялық тәжірибе, жаңартылған ОКҚ студиясы мен Қазмедиа орталығында экскурсия ұйымдастырылды.

Халықаралық құзыреттілік академиясының директоры Лейла Асылбекова іскерлік қарым-қатынастағы шеберлік, келіссөздер өнері және сөз сөйлеуге дайындық туралы әңгімеледі.

Семинар соңында қатысушыларға Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Е.Жамаубаев сертификаттар табыс етті.

ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі

8 (7172) 74-96-99, 75-03-75, 75-03-42 minfingovkz@gmail.com