Print previewPrint

Қазақстанда "Чекті талап ет-жүлдені ұтып ал!" акциясы басталды

4/30/2019

Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Заңғар Шындали хабардар етті.

Акция 2019 жылдың 1 мамырынан 8 тамызына дейін әрекет етеді. "Чекті талап ет - жүлдені ұтып ал" кең ауқымды республикалық акциясына Қазақстанның барлық азаматтары қатыса алады, олар кез келген тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде онлайн-БКМ чектерін алды.

Акция кезінде Қазақстанның әрбір тұрғыны кез келген затты сатып алу немесе ақылы қызметті қолдану кезінде смартфон ұтып алу мүмкіндігіне ие болады. Тек тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төленген сомаға берілетін чектерді  «Таңдау» мобильдік қосымшасында тіркесе болды. Акцияға тек деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналардың чектері (Онлайн БКМ) қатысатынды-деп,

Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Заңғар Шындали түсініктеме берді.

Акция азаматтық белсенділікті арттыру, тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің тұтынушылары ретінде өз мүдделерін қорғау мәселелерінде азаматтардың құқықтық мәдениетін тәрбиелеу, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту мақсатында өткізіледі.

Заңғар Шындалидің айтуынша, 2019 жыл ішінде МКК онлайн-БКМ қолдануға толық көшуді жүзеге асыруға ниетті.

Қатысушы және чек туралы мәліметтерді тіркейтін «Таңдау» тегін мобильді қосымшасы App Store, Google Play market-те қолжетімді.

Акция шарттары бойынша чектің берілген күні мен уақыты ұтыс ойыны басталған күннен ерте болмауы тиіс. Бір қатысушы тіркейтін чектер саны шектелмеген.

Акцияның толық шарттарын және қосымшамен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықты www.trebui.kz сайтынан көруге болады.

 

Акцияны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті фискалдық деректер операторымен бірлесіп өткізеді.

 

ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі