Print previewPrint

«Салықтар 2020» республикалық акциясы

2/24/2020

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мемлекеттік кірістер департаменттері мен аудандық бөлімдері «Адалдық алаңы» қолдауымен Қазақстан Республикасының Салық кодексіндегі негізгі жаңалықтарды түсіндіру бойынша кең ауқымды республикалық акция өтті.

Бұл іс-шараның мақсаты - Қаржы министрлігі қызметінің ашықтығы мен қол жетімділігіне қамтамасыз ету және халықтың сауалдары мен ұсыныстарына уақытылы жауап беру.

«Салықтар 2020» акциясы бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде кеңінен көрсетіліп, 360 ірі қоғамдық орындарда (сауда және ойын-сауық орталықтары, халыққа қызмет көрсету орталықтары, банк филиалдарында, базарларда, мәдениет үйлерінде және МКД ғимараттарында, облыстық әкімдіктерде және «Атамекен» ҰКП) ұйымдастырылды.

 Аталған іс-шараға 16000-нан астам салық төлеуші қатысты.

Салық төлеушілер тарапынан төмендегі тақырыптарға қатысты сауалдар қойылды:

- шағын бизнес субъектілерін 3 жыл мерзімге табыс салығынан босату;

- тексерулерге мораторий;

- БКM және POS-терминалдардың онлайн режимін қолдану;

- МӘМС жарналарын төлеу;

- ескіру мерзімдері;

- көлік салығы, жер салығы, сонымен қатар арнайы салық режимдерін қолдану;

- кедендік рәсімдер;

- сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға қатысты сұрақтар (3 жылға салық салудан босату шеңберінде сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларына кімдер жатады);

- пайдалану түрлері мен шарттары;

- жалпыға бірдей декларация мәселелері.

Қатысушыларды қызықтырған барлық сұрақтар бойынша жауап беріліп, түсіндіру шаралары өтті.