Print previewPrint

Қаржы министрлігінде Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

4/30/2019

Министрліктің қызметкерлерін 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған салтанатты шарада Қаржы министрінің бірінші орынбасары Берік Шолпанқұлов құттықтап, әріптестеріне денсаулық пен табыс тіледі.

Сондай-ақ, Қаржы министрлігінің Жауапты хатшысы Ерұлан Жамаубаев құттықтау сөз сөйледі.

Ресми бөлім аяқталғаннан кейін мерекелік концерт өтті, онда әндер шырқалды, әртістер қазақ халқының биі мен лезгинка биін орындады, ал іс - шара "Қазақстан-достықтың шаңырағы" финалдық әнімен аяқталды.