Print previewPrint

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде Конституция күнін атап өтті

8/29/2017

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде Конституция күнін атап өтті

Қаржы министрлігінің басшысы Бақыт Сұлтанов әріптестерін мерекемен құттықтай келе, әрбір қызметкердің ведомстваға деген үлесін атап өтті.

«Әрқайсысыңыз жұмыс орнында өз міндетіңізді орындай келе, заң нормаларын нақты қадағалай отырып, біздің еліміздің құрылуына және берік болу ісіне күш- жігерін жұмсай отырып өз үлесін қосады. Негізгі заң жаңа Қазақстан жетістігінің берік кепілі болды. Тиімді құқықтық жүйе арқасында біз экономикалық өсімге және қоғамдық әл - ауқатқа жетіп, елімізге бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз еттік» – деді Бақыт Сұлтанов.

Конституция күніне ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық мониторинг бойынша комитетінің қызметкері Ахметов Ерімбет өз өлеңін арнады. Оның әріптестері «Атамекен» әнін орындады.

Қорытындылай келе қаржы министрлігі қызметкерлерінің алдында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері әнші Гүлнәр Оразымбетова ән шырқады.

 

 

 


ҚР Қаржы министрлігі