Print previewPrint

ҚР Қаржы министрлігінде кәсіби мерекені атап өтті

11/15/2016

ҚР Қаржы министрлігінде қаржы жүйесі қызметкерлеріне арналған кәсіби мереке Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы – теңге күніне арналған салтанатты жиын өтті

ҚР Қаржы министрлігінде қаржы жүйесі қызметкерлеріне арналған кәсіби мереке Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы – теңге күніне арналған салтанатты жиын өтті.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасын енгізу туралы» осыдан 23 жыл бұрын 12 қараша күні Қазақстан Республикасы Президент жарлығына қол қойылды. Теңгенің ұлттық айналымға  (15 қараша 1993 жылы) кірген күні ресми түрде Ұлттық валюта күні болып есептеледі. Өз естеліктерінде Мемлекет басшысы «Өз мемлекеттілігіңді ұлттық валютасыз құра алмайсың. Ерте ме, кеш пе оны енгізу керек. Валюта – барлық экономиканың күретамыры» деп айтып өтті. Дәстүрлі түрде 15 қараша– Қазақстан Республикасы  қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекелік күні болып есептеледі.

Қаржы жүйесінде мінсіз және жемісті жұмысы үшін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл болуына және Ұлттық валюта күніне орай Министрлік қызметкерлеріне алғыс хаттар мен наградалар табыс етілді.
Министрліктің қызметкерлерінің күшімен әдемі концерттік бағдарламалары мерекелік кештің  жағымды аяқталуы болды.

 


ҚР ҚМ Баспасөз қызметі