Print previewPrint

Ә.Смайылов пен В.Мозер Қазақстан-Америка қатынастарының дамуын жоғары бағалады. Бұған 2018 жылы Вашингтонда Елбасы Н.Назарбаевтың АҚШ Президенті Д.Трамппен кездесуінен кейін кеңейтілген стратегиялық серіктестіктің сапалы жаңа деңгейге көтерілгені оң әсер еткені анық.

11/1/2019

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, Қаржы министрі Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында АҚШ-тың саяси, сараптамалық және іскер топтарымен кездесулерін атап өтті.

Баспасөз релизі

 

Тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестіктің даму қарқынын талқылады, соңғы екі жылда осы салалардағы көрсеткіштердің айтарлықтай өскенін атап өтті. Мұнымен қоса, қазіргі жаһандық ортада Қазақстанның қаржы жүйесін дамыту туралы пікір алмасып, салық жүйесін модернизациялау, мұнайға тапшылықты азайту және Ұлттық қордан аударымдар көлемін төмендету, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу жүйесін дамыту мәселесін сөз етті.

Ә.Смайылов АҚШ-тың санкциялар саясаты аясында екі ел үкіметінің Қазақстанның мүддесін қорғау үшін тиімді іс-қимылын атап өтті. Тараптар осы салада үнемі консультациялар жүргізуге дайын екендіктерін хабарлады. Сұхбат барысында, тараптар Джексон-Ваник түзетулерінің Қазақстаннан алынып тасталуы Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы экономикалық байланыстарды одан әрі нығайта түседі деген пікірге келді.

 

 

 

 

ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі