Print previewPrint

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өкілдері Мәскеу қаласындағы ТМД Экономикалық кеңесінің жанындағы экономикалық мәселелер жөніндегі Комиссия отырысына қатысты

2/16/2017

Қазақстан қаржы-экономикалық қызметті жетілдіру бойынша елеулі нәтижелерге қол жеткізді

ТМД Экономикалық кеңесінің жанындағы экономикалық мәселелер жөніндегі Комиссия отырысы бүгін Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) өтіп жатыр.

Іс-шараға Жауапты хатшы Наталья Коржованың басшылығымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өкілдері қатысты.

Қазақстан делегациясы 2016 жылғы 18-19 қазанда Үйлестіру кеңесінің ХІІІ отырысында мақұлданған ТМД мүше мемлекеттердегі шағын бизнес субъектілері үшін бухгалтерлік есеп пен есептіліктің жеңілдетілген жүйесін енгізу туралы ақпаратты қарастыруға ұсынды. Комиссияның шешімімен материалдар саясатты әзірлеу кезінде пайдалану үшін Үкіметке жіберілетін болады.

Қазақстан бүгінде қаржы-экономикалық қызметті жетілдіру бойынша елеулі нәтижелерге қол жеткізді. Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік және аудиторлық қызмет нарығындағы сертификаттаудың заманауи жағдайын талдау бухгалтерлік есеп пен аудит бөлігінде заңнаманы жетілдіру бойынша өскелең белсенділігін көрсетеді».

Отырыс барысында ТМД мүше мемлекеттердің өкілдері бухгалтерлік мамандық өкілдерінің кәсіби біліктілігіне қойылатын қолданыстағы талаптарды үндестіру мақсатында Қазақстан тәжірибесін зерттеуге қызығушылық танытты және Мемлекеттер үкіметіне қарастыруға шығару ұсынылды.

Қазақстан ұсынған материал нақты деректердің үлкен көлемін қорытындылайды және ТМД салалық ынтымақтастығы органдары мен ТМД мүше мемлекеттердің мүдделі министрліктері мен ведомстволары үшін қызығушылық тудыратынын атап өткен жөн.

 

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

баспасөз қызметі