Print previewPrint

Республикалық меншіктегі денсаулық сақтау объектілерін сату бойынша ақпарат

1/8/2018

Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес республикалық меншіктегі денсаулық сақтау саласындағы 5 объекті, оның ішінде 2 ірі объекті 2017 жылғы желтоқсанда сатылды. Сату бағасы 18 246 млн. тг. құрады:

-       «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ, сату бағасы – 6 000 млн.тг., қызмет бейінін және көрсетілетін медициналық қызметтерді 5 жыл ішінде сақтау шартымен екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурс нысанындағы сауда-саттықта сатылды;

- «Казмедтех» АҚ, сату бағасы – 5 801 млн.тг., қызмет бейінін және «ҚазМедТех» АҚ қызметінің әлеуметтік бағыттылығын, оның ішінде: лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін ұлғайтпау (қаржы лизингінің бұрын жасалған шарттары бойынша); cенімгерлік басқару мерзімі кезінде денсаулық сақтау мемлекеттік ұйымдары үшін лизинг ұсынудың қолданыстағы шарттарын сақтау талабымен кейіннен сатып алу құқығымен 3 жылға cенімгерлік басқаруға берілді;

-       «Академик Б.О. Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығы» АҚ, сату бағасы – 1 105 млн.тг., негізгі қызмет бейінін 10 жыл ішінде сақтау шартымен тендер нысанындағы сауда-саттықта сатылды;

-       «Құрмет Белгісі» орденді Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты» АҚ, сату бағасы – 2 300 млн.тг., негізгі қызмет бейінін 10 жыл ішінде сақтау шартымен тендер нысанындағы сауда-саттықта сатылды;

-       «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» АҚ, сату бағасы – 3 040 млн.тг., негізгі қызмет бейінін 10 жыл ішінде сақтау шартымен тендер нысанындағы сауда-саттықта сатылды.

Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарының жүзеге асырылу кезеңінде республикалық меншіктегі денсаулық сақтау саласындағы  барлығы 9 объекті 23 434 млн. тг сомасына сатылды.