Print previewPrint

«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында 2017 жылғы 26 маусымда сағат 10.00-де дөңгелек үстел өткізу туралы хабарландыру

5/16/2017

«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында 2017 жылғы 26 маусымда сағат 10.00-де дөңгелек үстел өткізу туралы хабарландыру

Дүниежүзілік Экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша елдің рейтингін жақсарту үшін бірлескен іс-шаралар көзделген Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (ҰКП) арасындағы ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы келісім шеңберінде аймақтармен бейнеконференция байланысын қолдана отырып, ҰКП ғимаратында 2017 жылғы 26 маусымда сағат 11.00-де дөңгелек үстел өткізу жоспарланып отыр.

       Осы іс-шараға бизнес қауымдастық пен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының аймақтық өкілдері қатысатын болады.

       Бухгалтерлік есеп, ХҚЕС қолдану мәселелері туралы елдің бизнес құрылымдардың хабардарлығын жақсарту мақсатында ҰКП бейнеконференция байланысы арқылы мүдделі тұлғалардың кең ауқымды қатысуына мүмкіндік ұйымдастырды.

       Сонымен қатар бизнес ортадан түскен проблемалық сұрақтарға жауаптар берілетін болады (сұрақтарды 2017 жылдың 20 маусымына дейін a.manabaeva@minfin.gov.kz электрондық мекенжайына жіберуді сұраймыз).

      Дөңгелек үстелге қатысуға ниет білдіргендердің барлығын 2017 жылдың 26 маусымында сағат 10.00-де (Астана уақыты)ҰКП аймақтық палаталарына шақырамыз.

       Ұйымдастыру мәселелері бойынша қонырау шалу телефондары: 8 (7172) 919338, 717141, 718122.