Print previewPrint

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 70-л/с бұйрығымен Әниятолла Өмірзақұлы Сәрсенов Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне төраға етіп тағайындалды

2/14/2017

Әниятолла Сәрсенов Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне төраға етіп тағайындалды

Ә.Ө. Сәрсенов 1969 жылы туылған, казақ, білімі жоғары. 1990 жылы  Алматы халық шаруашылығы институтын «бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметін талдау» мамандығы, 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін «юриспруденция» мамандығы бойынша бітірген. Бірнеше тілді меңгерген: қазақ, орыс - жетік, ағылшын - еркін. 

Еңбек жолын 1989 жылғы шілдеде «Казахинторг» Республикалық бірлестігінің "Казахпроминторг" фирмасының жетекші маманы лауазымынан бастады. Одан кейін Қазақ тұтынушылар одағының Сыртқы сауда басқармасының жетекші маманы, «Казкоопвнешторг» Республикалық бірлестігінің жетекші маманы болып жұмыс істеді.

1991 жылғы қыркүйектен 1992 жылғы қыркүйек аралығында  - ҚазССР Халыққа білім беру министрлігінің «Казамман» бірлескен кәсіпорнында Экономикалық мәселелер жөніндегі директоры.

1992 жылғы қазаннан бастап 1994 жылғы наурыз аралығында – ауыл шаруашылығы өндірісі мен әзірлемелер бастығы, Қазақ тұтынушылар одағының Тәжірибелік-эксперименталды тағам комбинаты директорының орынбасары.

1994 жылғы наурыздан бастап 1995 жылғы желтоқсан аралығында - «Казкоопагро» Республикалық шаруашылық-есеп айырысу кәсіпорнының атқарушы директоры, директоры.

1996 жылғы қаңтардан бастап 1996 жылғы шілде аралығында - Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы (Лондон) Елшілігінің шаруашылық мәселелері бойынша аға референті.

1996 жылғы шілде 1997 жылғы наурыз аралығында - Қазақ тұтынушылар одағы Басқарманың коммерциялық қызмет жөніндегі кеңесшісі.

1997 жылғы наурыздан бастап 1998 жылғы ақпан аралығында – Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша Салық комитеті Бастығының орынбасары.

1998 жылғы ақпаннан бастап 2002 жылғы маусым аралығында – Алматы қаласы бойынша Салық комитеті Бастығының орынбасары.

2002 жылғы маусымнан бастап 2005 жылғы сәуір аралығында – Қаржы полициясы органдарындағы қызметі: Алматы қаласы бойынша Қаржы полициясы департаментінің бастығы, ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары.

2005 жылғы маусымнан бастап 2006 жылғы маусым – ҚР Президент Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

2008 жылғы желтоқсаннан бастап 2017 жылғы ақпан аралығында – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша Қаржы мониторингі департаментінің басшыссы.

2017 жылғы 14 ақпаннан бастап - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы.

Үйленген, екі қыз, бір ұл тәрбиелеп отыр.

Марапаттары: Қаржы полициясының Құрмет грамотасы, нагрудным знаком «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісі, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалі.