Print previewPrint

«2017 жылғы бірінші тоқсанындағы мемлекеттік бюджеттің атқарылу қорытындылары туралы» мәселе бойынша ҚР Үкіметінің отырысында ҚР Қаржы министрі Б.Т. Сұлтановтың баяндамасы

4/18/2017

2017 жылғы бірінші тоқсанындағы мемлекеттік бюджеттің атқарылу қорытындылары туралы

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Құрметті әріптестер!

 

2017 жылғы бірінші тоқсандағы мемлекеттік бюджетің атқарылуы келесі көрсеткіштермен сипатталады.

Барлық бюджет деңгейлерінің кірістері артығымен орындалды. Олардың өсу қарқыны былтырғы көрсеткіштерге 116%-ті құрады. Бұл  шығыстардың контрциклдық өсуіне оң жағдай жасады, яғни экономиканың дамуына  бюджеттің ықпалы ұлғайуда.

Бюджет қаражатының игерілмеуі екі есе азайды. 

Ағымдағы жылдың бюджетінің тиімді де және толық орындалуын қамтамасыз ету үшін  онлайн-мониторинг   жұмысы ретке келтірілді.

Тексеруші органдардың жұмысы превентивтік шаралар  қолдануға ауысты.

Фискалдық тиімділікті арттыру үшін Қаржы министрлігі  оперативтік міндеттерден басқа да жүйелі шараларды қабылдауда.

Құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алуды қазынашылық сүйемелдеу және ірі сатып алулардағы тендерлерді орталықтандыру арқылы отандық өндірушілерді қолдауға арналған пилоттық проектілері іске асуда.

Енді, осы мәселелерге кеңінен тоқталайын.

МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ КІРІСТЕРІ

Мемлекеттік бюджеттің кірістері есептілік кезеңнің жоспарына қарағанда 113%-ке, оладың ішінде республикалық кірістер - 105%-ке, жергілікті бюджеттер - 134%-ке асыра орындалды.

Республикалық бюджетке 1 157 млрд.теңге кірістер түсті. Бұл жоспардан 52 млрд.теңгеге, ал былтырғы жылдың 1 кварталындағы көрсеткіштен 137 млрд.теңгеге  артық.  Кірістердің асыра орындалуына импорт көлемінің 25%-ке, металл бағасының және де тауар айналымының өсуі себеп болды.

Жергілікті бюджетердің өз кірістері
136 млрд.теңгеге  артығымен орындалып,
540
млрд.теңгені құрады.

Артығымен орындалған соманың 86 млрд.теңгесі салықтарға келеді. Олардың ішінде, жеке табыс салығы 21 млрд.теңге, әлеуметтік салық 24 млрд.теңге және де меншікке салынатын салықтар есебінен 19 млрд.теңге.  Барлық өңірлерде кірістердің жоспары артығымен орындалды.

МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ ШЫҒЫСТАРЫ

Мемлекеттік бюджет шығыстары 97%-ке орындалды. Республикалық бюджеттің орындалуы жергілікті бюджеттерден жоғары, яғни 98% болды.  Өңірлер бюджеттері 97%-ке атқарылды.  

Республикалық бюджет шығыстары
2 065 млрд.теңгені құрады.

Шығыстардың басымдығы - әлеуметтік сала болып табылады. Үлесі 44%-ті құрады.

Бюджеттің ірі құралы – бұл дағдарысқа қарсы шаралар ретінде экономиканың нақты секторларын дамытуға ықпалын тигізетін шығыстар. Бұл бағытқа
 245 млрлд.теңге қаражат бөлінді, яғни 2016 жылдың 1-ші кварталымен салыстырғанда  өсуі 159%.

Бюджеттік тәртіптің де  жақсаруы байқалады.

Келісім шарттар 2016 жылдың 1 тоқсанына қарағанда 15%-ке көп тіркелді.  Нақтыланған бюджеттің  қаражаттарына 71 млрд.теңгеге міндеттемелер қабылданды.  Уақытылы және сапалы сатып алу рәсімдерді жүргізу арқылы 5,4 млрд.теңге үнемделді.

Бірақ, сонымен қатар
47 млрд.теңге игерілмеді. Бұл 2016 жылдың 1 кварталымен салыстырғанда 2 есеге аз болсада, қомакты сома.    

Игерілмеудің негізгі себептері нормативтік құқықтық актілерді дер кезінде қабылдамау, конкурстық рәсімдерді уақытылы өткізбеу, жұмыс кестесінен кешігу болып табылады.

Жергілікті бюджеттердің шығыстары
857 млрд.теңгеге игерілді. 27 млрд.теңге орындалмады
.

 

Өңірлердің шоттарындағы қалдықтар
339 млрд.теңгені құрап, жыл басымен салыстырғанда екі есе өсті (135 млрд.теңге). Өсу барлық өңірлерде орын алды.

Бұл жергілікті қаржы-қаражатты тиімсіз басқаруды және жоспарлаудың сапасы төмендегенін көрсетеді. Бюджеттерді уақытында нақтылау кезінде осы қаражат басым шығыстарды қаржыландыруға бағытталатын еді. Жергілікті бюджеттердің кірістері республикалық бюджетке қарағанда тұрақты. Олар екі факторға ғана байланысты: жұмыс орны мен мүлік бағасы.  

Мемлекеттік және Үкіметтік бағдарламалар: Бизнестің жол картасы, Нұрлы Жер, Нұрлы Жол және де тағы басқа да бағдарламалар арқылы әр ашылатын жұмыс орны бақылануда.  Сондықтан жергілікті бюджеттер жоспарларын нақты есептеу үшін барлық қолайлы жағдай жасалған.

Ал биылғы жылдың 1 кварталының жоспарына қарасақ, барлық өңірлердің кірістерінің жоспары былтырғы жылдың фактісінен де төмен бекітілгенін байқауға болады. Жалпы жергілікті бюджеттерге 2016 жылғы 1 тоқсанында 437 млрд.теңге түссе, ал биылғы жоспар 404 млрд.теңге ғана.  Сонымен артығымен түскен 136 млрд.теңге  1 тоқсанда экономикаға өзінің ықпалын тигізе алмай, қазынашылық шотта жұмыс істемей жатып қалды.

Сондықтан осы мәселеге жергілікті атқарушы органдар көбірек мән беру қажет деп ойлаймын.

 

Нысаналы трансферттердің жылдық сомасы
997,5 млрд.теңгені құрады. Есепті кезеңде оларға
218,7 млрд.теңге бөлінді. Жергілікті атқарушы органдармен олардың 96% -і орындалған.

9 млрд.теңге орындалмаған, оның ішінде
645 млн.теңге үнемдеу. 8,3 млрд.теңге игерілмеген, 2016 жылдың 1 кварталымен салыстырғанда бұл 1,5 есе жоғары.

Жергілікті билік органдары бюджеттік және мемлекеттік сатып алу процедураларын асықпай өткізуде. Игерілмеудің негізгі себептері жоғарыда баяндамамда айтылып кеткен республикалық бюджеттің игерілмеу себептеріне сәйкес келеді.

 

НҰРЛЫ ЖОЛ

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2017 жылға  барлығы 477,1 млрд.теңге көзделген, оның ішінде бюджет арқылы – 319,9 млрд.теңге және «Байтерек» холдингі арқылы - 157,2 млрд.теңге.

Мемлекеттік бағдарламаның бюджет бөлігін атқару 99,7%-ті құрап, 16,3 млрд.теңгеге игерілді. 146,2 млрд. теңге, яғни жылдық жоспардың 46%-і сомасына шарттар жасалып қойылды.

 

Құрметті, Бақытжан Әбдірұлы!

Қаржыландыру жоспарын түзету туралы Сіздің тапсырмаңыз сапасыз орындалды деп айтуға болады. Мемлекеттік органдардың өтініштері бойынша жылдың аяғынан бірінші жартыжылдыққа жоспарлардың тек қана  1,7 млрд. теңгесі ауыстырылды. Жылдық жоспардың 70%-і, яғни 224 млрд.теңгесі әлі күнге екінші жартыжылдықта қалып отыр. Олардың 130 млрд.теңгесі Инвестициялар және даму, 44 млрд.теңгесі Білім және ғылым, 46 млрд.теңгесі  Ұлттық экономика  министрліктеріне келеді.

Өңірлерге Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде
5,3 млрд. теңге бөлінген.  Олардың 100%-і игерілген.

Мемлекеттік сатып алудағы құрылыс шарттарын қазынашылық сүйемелдеу жобасы бойынша 4 «пилоттық» жоба айқындалды

Екі объект бойынша құжаттар сараптамадан өткізілуде.

Екі объект бойынша конкурстар жарияланды. 25 мамырдан кейін шоттар ашылуға жоспарланып отыр.

АУДИТ пен БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

Мемлекеттік аудит толыққанды жұмыс жасауда. Есепті кезеңде аудиторлық іс-шаралармен
361
млрд.теңгеге бюджет қаражаты қамтылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге көп. 204,6 млрд. теңге сомасындағы анықталған бұзушылықтардың 74%-ті жойылды.

229 мың мемлекеттік сатып алудың процедуралары камералдық бақылаумен қамтылды. Бұл  2,9 трлн.теңге. 250 млрд. теңгеге бұзушылықтар анықталып, оның
213 млрд.теңгеге қателіктері мемлекеттік органдар дер кезінде өздері   түзетті.

 

Құрметті, Бақытжан Әбдірұлы!

 

1 тоқсандағы мемлекеттік бюджеттің атқарылу қорытындысы бойынша мынадай міндеттерді шешу алда тұр:

- бюджет қаражатының атқарылуына онлайн-мониторингті жалғастыру;

- кірістердің толық түсуін қамтамасыз ету;

- қазынашылық сүйемелдеу пилоттық проектісін жалғастыру;

- отандық өндірушілер арасында мемлекеттік сатып алуды өткізу;

-  бюджеттің атқарылуы кезінде превентивтік шараларды  қолдануды күшейту;

- ақшаны нақты экономикаға тез жеткізу үшін бюджеттік рәсімдерді оңайлату;

жаңа үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджеттің жобасын жаңа әдістер бойынша қалыптастыру.

Назарларыңызға рахмет!