Print previewPrint

ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов EXPO-2017 швейцариялық павильонының тұсаукесеріне қатысты

8/11/2017

Швейцария Конфедерациясының Президенті Дорис Лёйтхард ханым мен ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов ЭКСПО-2017 шеңберінде Швейцарияның Ұлттық күнін ашты

Дорис Лёйтхард ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі тақырыбының өзектілігін атап өтті. «Әлемдік қоғамдастық алдында энергетика ресурстарының сарқылуы және қоршаған ортаның ластануы мәселесі түйіткілді болып тұр» - деп ол айтты.

Президент ханым көрмені өткізу екіжақты қатынастарды кеңейту үшін жаңа мүмкіндіктер беретінін атап өтті.

Қазақстан мен Швейцария арасында сауда, көлік және ақпараттық технологиялар сияқты салаларда ынтымақтастық белсенді дамуда.

Қазақстанның Қаржы министрі Б.Т. Сұлтанов Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның және Қазақстандық-швейцариялық Іскер кеңестің қызметі екі мемлекет арасындағы өзара қатынасты тереңдетуге ықпалдасатынын айтты.

Қаржымині басшысы жаңа технологиялар трансферті, ноу-хау, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік, шағын және орта бизнес сияқты салаларда неғұрлым тығыз және өзара тиімді ынтымақтастықты жақсартудағы Қазақстанның мүдделілігін атап өтті.

Швейцариялық делегацияның сапары шеңберінде ЭКСПО алаңында Қазақстан Республикасы Алматы облысының әкімдігі мен Швейцария Конфедерациясы Тичино Республикасы мен кантоны әкімшілігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, ол екі өңір арасындағы іскер қатынастар үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.