Print previewPrint

Пресс релиз

2/27/2020

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаменті мемлекеттік аудит және бақылаудың ашықтық жариялылық қағидаттарын ұстана отырып және сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінің алдын-алу, болдырмау мақсатында 07.02.2020 жылы Маңғыстау облысының әкімдігінің мәжіліс залында Департаменттің 2019 жылы атқарған қызметінің қорытындысын баяндау және де Қазақстан Республикасаның мемлекеттік сатып алу туралы Заңнамаларына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды талдау, түсіндіру жөнінде семинар-кеңесін өткізді.

Аталған кеңеске Маңғыстау облысы көлеміндегі республикалық мемлекеттік мекемелерінің, Маңғыстау облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, Ақтау қалалық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің, білім және денсаулық, мәдениет салысы мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарының өкілдерінің, сондай-ақ, Жаңаөзен қаласы мен аудандардың өкілдері бейне конференц байланыс жүйесімен қатысты.

Сонымен қатар, өткізілген кеңес барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының нормаларына түсіндірме беріліп және де алдағы уақытта тиісті өзгертулер мен толықтырулар жасау үшін ұсыныстар, яғни бюджеттік мекемелердің, оның ішінде денсаулық сақтау, білім және мәдениет салаларының басшыларын мемлекеттік сатып алу өткізуден босата отырып, мемлекеттік сатып алу жүйесін орталықтандыруды енгізу жөнінде біршама ұсыныстар мен  сұрақтары талқыланды.

       Семинардың негізгі мақсаты - облыстағы мемлекеттік сатып алудың тапсырыс берушілері  мен ұйымдастырушыларының Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы мен «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының» талаптарына  бұзушылықтарды болдырмау, олардың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Департаментпен 2019жылғы атқарылған жұмыстарының нәтижесі туралы

 Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаменті (одан әрі - Департамент) тарапынан 2019 жылдың есебі  бойынша барлығы 164 аудиторлық іс-шара жүзеге асырылды.

 Аудиторлық іс-шаралармен жалпы сомасы 31 532 750,01 мың теңгені құрайтын бюджет қаржысы қамтылды. Аудиторлық іс-шаралар нәтижесімен жалпы сомасы 19 343 177,07 мың теңгеге бұзушылықтар орын алды, соның ішінде қаржылық бұзушылықтар сомасы 3 931 689,2 мың теңге және рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар сомасы 15 411 487,87 мың теңге.

2019 жылы жүргізілген аудит нәтижесімен бюджетке өндірілуге жататын және қалпына келтіруге жататын бұзушылықтардың сомасы 3 931 689,2 мың теңгені құрады. Қабылданған ден қою шараларымен жалпы сомасы 3 717 144,96 мың теңгеге бюджетке өндірілді және қалпына келітірілді немесе 95,0 %.

Аудиторлық іс-шаралар қорытындысы бойынша есепті кезеңде 161 лауазымды тұлғалар әртүрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды сондай-ақ, Қазақстан Республикасының  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес, 422 лауазымды тұлғаларға жалпы сомасы 23 065,8 мың теңгеге әкімшілік айыппұл салынып, 22 182,1 мың теңге көлемде тиісті бюджетке өндірілді немесе 96,2 %.

2019 жылы құқық қорғау органдарына тиісті процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданған   аудиторлық іс-шара құжаттарының жалпы соммасы 1 721 721,3 мың тенге болатын 13 материалы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңына сәйкес, 2019 жылы барлығы 500 өтініштер келіп түсті және 471 өтінішке жауап берілді, оның ішінде 225 өтініш қанағаттандырылды, 246 өтінішке түсіндірме берілді, 29 өтініш өндірісте.

Мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау бөлімі бойынша

Департаменттің 2019 жылда жүргізілген камералдық бақылау нәтижесімен 35 105 мемлекеттік сатып алуы немесе жалпы сомасы 169 764 069,7 мың теңге көлемінде қаражаты қамтылды. Оның ішінде жалпы сомасы 35 747 089,7 мың. теңгеге бұзушылықтар анықталып, тиісті хабарламалар жіберілді және де бұзушылықтар қалпына келтірілді.