Print previewPrint

«Мүлікті жария ету бойынша акцияның қорытындысы туралы» мәселе бойынша ҚР Үкіметінің отырысына ҚР Қаржы министрі Б.Т. Сұлтановтың баяндамасы Астана қ-сы, ҮҮ, 10.01.2017ж.

1/10/2017

Мүлікті жария ету бойынша акцияның қорытындысы туралы

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

 

Мәселені үш блок бойынша: 1) жария ету акцияның ресми қорытындылары туралы; 2) байқалатын және күтілетін әсер туралы; және 3) жария ету кезеңінен кейінгі әрекеттер туралы баяндауға рұқсат етіңіздер.

Бірінші, жария етудің қорытындысы. Акцияның мүмкіндіктерін елдің 140 мыңнан астам азаматы пайдаланды. Барлығы 5,7 трлн. теңгеге активтер заңдастырылды,  оның ішінде ақшалай – 4,1 трлн. теңге және мүлік 1,6 трлн. теңгені құрайды.

Жылжымайтын мүліктің 151 мыңға жуық объектісі, сондай-ақ заңды тұлғалардағы қатысудың 213 үлесі жария етілді.

Ақшаны жария ету үшін барлығы 11 821 шот ашылды.

Біз күткеніміздей, акцияның соңғы айларында қарқынның жоғарылау белсенділігі байқалды. Активтердің 53%-і 2016 жылдың 4-тоқсанында жария етілген болатын. Бұл біздің болжамдарымызды растады.

Бұған рәсімдерді жеңілдетіп және азаматтарға қосымша кепілдер ұсынған 2015 жылдың соңында қабылданған түзетулер ықпал етті.

Елдің ішіндегі активтер 5 трлн. теңгеге, шетелдегі 700 млрд. теңгеге жақын, олардың 614 млрд. теңгесі ақшамен, 70 млрд. теңгесі мүлікпен жария етілді.

Жария ету көлемі бойынша жалпы көшбасшы Алматы қаласы - 3 трлн. 981 млрд. теңге, Астана қаласы – 533 млрд. теңге және Алматы облысы – 390 млрд. теңге болды.

Екінші. Байқалатын және күтілетін әсер. Жалпы жария ету әсерін біз негізінен ұзақ мерзімді кезеңде әліде көріп отыратын боламыз. Бірақ қазірдің өзінде әсер бағалауын үш аспектіде жүргізуіміз мүмкін. Бұл бюджетке жалпы ықпал етеді, экономикалық процестердің жандануына әсері мен қаржы секторының жағдайына оң септігін тигізеді.

Жария етілген жылжымайтын мүлік пен қаражат көлемі бюджетке тікелей және жанама әсер береді.

Біріншіден, жылжымайтын мүліктің жария етілген 151 мың объектісінен 9,5 мың объектісі коммерциялық жылжымайтын мүлік ретінде есепке қойылды. Бұл мүлік салығының шамамен жылына 800 млн. теңге түсімін артуда.

Екіншіден, экономикаға енген қаражат қосымша тұтыну мен инвестициялық сұранысты көбейтіп, елдің ішкі дамуы мен салық түсімін арттырмақ.

Бұл ретте,  есептік бағам бойынша заңды айналымдағы 4,1 триллион теңгеден жылына 150 млрд. теңгеге дейін салық түсімі болжанады.

Жария ету мен негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер үрдісінің арасындағы тұрақты байланыс байқалуда. Бұл өндірістің, негізгі капиталдағы инвестицияның, бюджетке түсімнің, бөлшек тауар айналымының, физикалық көлемінің индексі және жалпы iшкi өнiмдерінің көрсеткіштері.

Нақты әсерді бағалау үшін мұқият зерттеу қажет. Онымен біз барлық макростатистика түскеннен кейін айналысатын боламыз. Бірақ осы көрсеткіштер арасындағы байланыс баршамызға мәлім.

Бір сөзбен айтқанда, 5,7 трлн. теңгені заңды айналымға тарту сөзсіз негізгі экономикалық индикаторларға қолдау көрсетеді.

Қаржы секторына тигізетін әсерін келесі талдауда байқауға болады.

1,9 трлн. теңге банк шоттарында қалып отыр, бұл банктерді қаржыландырудың және экономиканы несиелеудің қосымша көздері болып табылады. Яғни, ақша банк арқылы экономиканың әртүрлі секторына бөлінеді.

Жария етілген ақшаның 2,2 трлн. теңгесін азаматтар банк шоттарынан шешіп алды. Осы заңдастырылған қаражат инвестицияға, тұтынуға не жинақтауға жұмсалды деп ойлаймыз.

Заңдастырылған жылжымайтын мүліктің 1,6 трлн. теңгесі – бұл несие алу мақсатында қолдануға кепіл болып табылады.

Үшінші. Жария етуден кейінгі кезеңдегі жұмыс.

Капиталды заңдастыру үрдісін қарқынды дамыту үшін жұмысты осы кезеңде ұйымдастыру қажет деп санаймыз. Болашақта осы құралдар «жастықтың астында» қалмай немесе қайтадан «шулыққа» тығылмай экономикаға жұмыс істегені маңызды.

Бұл үшін, біріншіден, капиталдарына рақымшылық жасаған азаматтарға кепілдер заңнамамен қамтамасыз етілген. Салық және басқа да мүдделі органдар бұл кепілдерді сақтауы тиіс. Осы мақсатта түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Ешбір жария етуші тұлға заң қудалануына түспеуін Бас прокуратура қадағалайтын болады.

Екіншіден, шетелдегі юрисдикцияны қоса алғанда, азаматтардың «әлемдік» кірістері мен мүлігіне бақылау одан әрі де жалғасатын болады. Біз ол туралы бірнеше рет мәлімдеген болатынбыз және бізде бақылаудың бірқатар механизмдері бар. Мәселен, бұл үшін ратификацияланған салықтық конвенцияларды қолдану жақсы демеу болады.

Ағымдағы жылдың басынан бастап кез келген шет елдегі мүлікті міндетті түрде декларациялау туралы Салық Кодекстің нормалары қолданысқа енді.

Сондай-ақ заңнама азаматтарды шетелдік көздерден алынған кірістерді Қазақстанда декларациялауға міндеттейді. Мысалы, 2015 жыл ішінде елдің азаматтары шетелдік «әлемдік» кірістерді шамамен 700 млн. АҚШ доллары сомасына декларациялады.

Үшіншіден, 2015 жылы Үкіметтің қаулысымен бекітілген Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде тиісті шаралар қолданылатын болады.

Алдыңғы аталған екі аспекттерді негізге алғанда, капиталдарын жария еткен тұлғалар алаңсыз өмір сүре алады.

 

***

Құрметті әріптестер!

Жария ету акциясы аяқталды. Барлық кепілдер берілді және сақталуда. Қазір бизнесті «тазадан» бастау үшін, істі ашық және адал жүргізуге барлық негіздері бар. Өткізілген науқанның негізгі мақсаты осында жатыр. Оның әсеріне экономиканы айқын болуын ынталандыру бағытындағы жұмыс ықпал етеді.

 

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Мемлекет өткізген жария ету акциясы ел экономикасының одан кейінгі дамуына мультипликативтік әсер береді. Мемлекеттік шараны өткізілуіне қолдау көрсеткендері үшін барлық әріптестерімізге алғыс білдіргім келеді.

 

Назарларыңызға рахмет.