Print previewPrint

Алғашқы көктем мерекесі қарсаңында ҚР Қаржы министрлігінде тамаша әйелдер қауымына құрмет көрсетілді

3/7/2017

Министрлік ұжымының ер-азаматтары алғашқы көктем мерекесі қарсаңында әйелдер қауымына жағымды эмоциялар сыйлап, керемет концерт ұйымдастырды.

8 наурыз халықаралық әйелдер күні қарсаңында ҚР Қаржы министрлігінде тамаша әйелдер қауымына құрмет көрсетілді.

Министрлік ұжымының ер-азаматтары алғашқы көктем мерекесі қарсаңында әйелдер қауымына жағымды эмоциялар сыйлап, керемет концерт ұйымдастырды.

Салтанатты іс-шара барысында ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Министрлікте қызметкерлердің басым бөлігін әдемі, күш-қуаты сарқылмас, ақылды, адал және сабырлы әйелдер қауымы құрайтынын атап өтті. Жұмыста ерлермен қатар табысқа жете отырып, әйелдер қамқоршы ана, нәзік әйел және сүйкімді қарындас та бола біледі. Мұнысы ерлерге күш-қуат береді, ешқандай кедергілерге қарамай алға қарай ұмтылуға мүмкіндік беретінін атап айтты.

Қаржы министрі ерекше жүрекжарды лебіздерін залдағы қаржы жүйесінің бастауында тұрған Министрліктің еңбек сіңірген қызметкерлеріне де арнады.

Осы мереке күні сахнадан министрліктің жас таланттардың орындауында жүрекке жақын ұлттық әуендер мен қазіргі заманғы композициялар, сондай-ақ денсаулық, қуаныш және амандық тілектері айтылды.