Print previewPrint

Баспасөз-релизі

8/11/2017

«Бухгалтерлік есеп пен аудит саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 280 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 2 маусымдағы № 364бұйрығы туралы баспасөз релизі қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 280 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 2 маусымдағы № 364бұйрығы туралы баспасөз релизі

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 2 маусымдағы № 364 бұйрығымен «Бухгалтерлік есеп пен аудит саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 280 бұйрығына (бұдан әрі - Бұйрық) өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін хабарлайды.

Бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі           № 88-V Заңына сәйкес келтіру үшін енгізілді. Оның ішінде аталған Заң мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту үшін негіздер белгілейтін                           19-баптың екінші бөлігімен, 19-1-баппен толықтырылды.

Сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы                             3 мамырдағы № 264 қаулысымен «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті» мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды.

Бұйрық www.minfin.gov.kz сайтында Мемлекеттік қызметтер/Мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттары және регламенттер/ Ішкі мемлекеттік аудит комитеті көрсететін мемлекеттік қызметтер/ Мемлекеттік қызметтер стандарттары деген бөлімде орналасқан.