Print previewPrint

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі А.Смайыловтың Парламент Сенатының жалпы отырысында 2019 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасы туралы баяндамасы

10/17/2019

Парламент Сенатының жалпы отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі А.Смайылов ағымдағы жылдың бірқатар маңызды міндеттерін шешуді қарастыратын 2019 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасын ұсынды.

Сіздердің қарауларыңызға ағымдағы жылдың бірқатар маңызды міндеттерін шешуді көздейтін 2019 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы Заң жобасы ұсынылып отыр.

Заң жобасы 2019 жылға арналған Елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамының көрсеткіштері сақтала отырып, қалыптастырылды.

Республикалық бюджеттің түсімдері 94,9 млрд. теңгеге ұлғайтылды.

Қаражаттың 50 млрд.теңгеге ұлғаюы – республикалық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне қосымша дивиденттер. 44,9 млрд.теңге – қосымша салық түсімдері.

Республикалық бюджет шығыстарының көлемі 94,9 млрд. теңгеге ұлғайтылды.

Республикалық бюджеттің тапшылығы бұрын бекітілген жалпы ішкі өнімнің 2,1% деңгейінде сақталды.

Әлеуметтік саладағы шұғыл қаржыландыру мәселелерін шешу мақсатында әлеуметтік блоктың шығыстары
6,7 млрд.теңгеге ұлғайтылды.

Шығыстарды қайта бөлуді ескере отырып, қосымша қаражат атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге, медициналық көмек көрсетуге және денсаулық сақтау объектілерінің құрылысын жалғастыруға бағытталады.

Нақты сектордың шығыстары 15,6 млрд. теңгеге ұлғайтылды.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынған қаражатты қайта бөлуді ескере отырып, өнеркәсіпті қолдауға, Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына тұрғын үй қарыздарын беруге қосымша шығыстар көзделді.

Төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет ету үшін, оның ішінде жылу маусымының басталуын ескере отырып Үкімет резерві ұлғайтылды.

Аймақтарға арналған нысаналы трансферттер көлемі нақтылау нәтижесінде 29,1 млрд. теңгеге ұлғайтылды.

Бұдан басқа, заң жобасын дайындау кезінде:

- жекелеген мемлекеттік органдарды қайта ұйымдастыруын ескере отырып, шығыстарды түзету;

 - азаматтық қызметшілердің еңбекақысын арттыруға, жылу энергетикасы мен көлік инфрақұрылымын дамытуға, «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салуға нақты қажеттілігін ескере отырып, өңірлер арасында қаражат қайта бөлінді.