Print previewPrint

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Ә. Смайылов БҰҰ-ның Қазақстандағы елдер тобымен кездесті

11/1/2019

Үкімет үйінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Норимас Шимомурамен және елде тіркелген БҰҰ агенттіктері мен бағдарламаларының басшыларымен кездесті.

Баспасөз-релизі

 

Кездесу барысында 2015 жылы Қазақстанда бекітілген, тұрақты дамудың 17 жаһандық мақсаттары бар 2030 жылға арналған тұрақты дамудың күн тәртібін жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Ә.Смайылов өз сөзінде атап өткендей, 2030жылға бекітілген күн тәртібінің жүзеге асуы, адамзатты кедейліктен құтқаруға және жаһанды «сауықтыру» секілді әлемдік мәселелерді шешуде маңызды рөл атқарады.

Кездесуге қатысушылар Қазақстанда тұрақты даму орталығын іске асыру және локализациялау барысы туралы пікір алмасты, қол жеткізілген оң нәтижелерді атап өтті және осы мақсаттарды одан әрі іске асырудағы проблемаларды сөз етті.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Тұрақты даму Мақсаттарын іске асыру жөніндегі үйлестіру кеңесі шеңберіндегі қызметті жандандыру қажеттігін атап өтті, оның құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері және БҰҰ елдері командасы кіреді.

Сөзін қорытындылаған Ә.Смайылов БҰҰ өкілдерінің барлық ұсыныстары мен ұсынымдары жан-жақты талданып және ағымдағы қызметте пайдалану үшін тиісті мемлекеттік органдарға жіберілетінін айтты.

  

 

 

ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі