Print previewPrint

Ахуалдық орталықтың атқарған жұмысының нәтижесінде

11/27/2019

ИТК суреттеріне жүргізілген талдау шеңберінде ағымдағы жылғы сәуірден қарашаға дейін Ахуалдық орталықтың қызметкерлері ИТК 72 мыңнан астам суретіне талдау жүргізді, оның ішінде 1499 сурет бойынша «ИТК күдікті» деген мөртабан қою ұсынылды.

Анықталған 1499 күдіктердің ішінен:

- жете тексерудің қорытындысы бойынша 794 бұзушылық анықталды;

- кедендік төлемдер мен салықтар 236,6 млн теңгеге қоса есептелді;

- әкімшілік құқық бұзушылық туралы 59 іс қозғалды;

- әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша салынған айыппұл сомасы – 2 млн теңгені құрады.

Анықтама: ҚР ҚМ Жауапты хатшысының бұйрығымен құрылған МКК КӘД Ахуалдық орталығы ЕАЭО кедендік шекарасының қазақстан учаскесінде орналасқан барлық өткізу пункттеріне мониторингті, сондай-ақ өткізу пункттерде орналасқан уақытша сақтау қоймаларында жүргізілетін кедендік операцияларға бейнебақылауды жүзеге асырады.

Осылайша, Орталықтың қызметі нақты уақыт режимінде өткізу пункттерде жүргізілетін кедендік операцияларға мониторингті және бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Келешекте Орталық кешенді салықтық және кедендік тәуекелдерді қолдана отырып мемлекеттік кірістер органдарының бақылауындағы объектілер мен субъектілерге қатысты «24/7» қағидаты бойынша жұмыс режимімен Өткізу пункттерін басқару орталығы ретінде өзінің зияткерлік-талдау әлеуетін дамытатын, сондай-ақ оларды бұдан әрі талдайтын және бақылайтын болады.