Print previewPrint

Қаржы министрлігінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні аталып өтті

11/29/2019

Қаржы министрлігінің қызметкерлерін мерекемен ҚР ҚМ Жауапты хатшысы Ерұлан Жамаубаев құттықтап, Елбасы Н. Назарбаевтың еліміздің қалыптасуына қосқан зор үлесін атап өтті.

"Қазақстандағы тұңғыш Президент күні-бұл тарихи таңдау, халықтың бірлігі мен келісімі күні. Президенттік Институт конституциялық құрылыс негіздерінің тұрақтылығының кепіліне айналды, біздің мемлекеттілігіміздің қалыптасуы мен одан әрі дамуына ықпал етті.

Бүгінде Қазақстан тұрақты орныққан ұлтаралық келісімді, қоғамдық өмірдің барлық бағыттарында өзгерістерге қол жеткізген, экономикасы, ғылымы мен мәдениеті тұрақты дамып келе жатқан мемлекетке айналды. Елбасының сындарлы саясатының арқасында біз әлеуметтік-экономикалық даму үрдістеріне қол жеткіздік. Сондықтан Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні Ұлт Көшбасшысының халықпен бірге өркендеу мен ілгерілеу жолында бірлігін білдіреді.

Барлық қазақстандықтарға амандық, келісім, бірлік, Отанымыз - Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы барлық істеріңіз бен бастамаларыңызға табыс тілеймін", - деп атап өтті Е. Жамаубаев өзінің құттықтау сөзінде.

Айта кету керек, бұл мерекенің тарихи алғышарты мен күнін таңдауға негіз болған келесі оқиға - 1991 жылғы 1 желтоқсанда алғашқы бүкілхалықтық сайлау болып өтті, онда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев көпшілік дауыспен Қазақ ССР Президенті болып қайта сайланды.

Тұңғыш Президенттің алғашқы қадамдарының бірі 1991 жылғы 10 желтоқсанда Қазақ ССР-ін Қазақстан Республикасына қайта атау туралы Заңға қол қою болды.

Ал алты күннен кейін - 1991 жылдың 16 желтоқсаны әлемнің саяси картасында жаңа Мемлекет - Қазақстан Республикасы пайда болды.

Сол желтоқсан күні Мемлекет басшысының басшылығымен халық өз болашағын құру үшін еркіндік пен тәуелсіздікті таңдады.

Дәстүр бойынша мерекелік концерт өтті, онда біздің елімізге арналған түрлі музыкалық шығармалар, соның ішінде Н. Назарбаевтың туған өлкесі, кіші Отаны туралы өлеңдеріне жазылған "Үшқоныр" әні шырқалды.

Естеріңізге сала кетейік, Үшқоңыр - Іле Алатауының інжу-маржаны, Елбасы дүниеге келген Шамалған ауылының маңындағы көркем шатқалы.

Іс-шара «Жаса, Қазақстан!» әнімен аяқталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі