Print previewPrint

ҚР қаржы министрлігі қаржылық шоттар туралы автоматты түрде ақпарат алмасу келісіміне қол қойды

9/11/2017

Бүгін 2017 жылдың 11 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов пен Америка Құрама Шттаттарының Төтенше және Уәкілетті Елшісі Джордж Крол Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Шттаттарының Үкіметі арасындағы халықаралық салықтық тәртіпті жетілдіру туралы келісімге қол қойды.

Келісім екі жақты халықаралық шарт болып табылады және екі елдің резиденттерінің әлемдік кірістері бойынша салық міндеттемелерін орындауын бақылау мақсатында жасалды. Келісімді жасасу Уағдаласушы Мемлекеттерге өз резиденттерінің шетелдік қаржы шоттары туралы мәлеметтермен алмасуға мүмкіндік береді.

ҚР қаржы министрі Б. Сұлтанов айтқандай «келісім,  ұзақ уақыт бойы пысықтаған екі жақты құжат болып табылады. Құжат жаhандық мәліметтермен алмасу жүйесін құруға арналған, өте маңызды құрамдас бөлігі  болып табылады. Бұл Қазақстандағы салық салу жүйесіне оң нәтижесін тигізеді».

Бүгінгі келісімге қол қою салықтың жиналу деңгейінің көтерудің  салмақты буыны және мәліметтермен алмасу және бірлескен ақыл-кеңес жолымен  таңдаулы  халықаралық тәжірибе имплементациясы болып табылады.

Бұл құжат салықтардың толық жиналуын қамтамасыз ету үшін қажетті екі мемлекет арасында ақпарат алмасу мәселелеріндегі заңнамалық база бөлігінде маңызды рөл ойнайды.

Келісімге қол қою салық салу саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде қосымша серпін береді және екі ел резиденттерінің әлемдік табыстарын салықтық әкімшілендіруді жақсартуға көмектеседі.

Америка Құрама Шттаттарының Төтенше және Уәкілетті Елшісі Джордж Крол айтқандай офшорлар арқылы салық төлеуден ауытқуды қысқарту мақсатымен қаржылық шоттар туралы автоматикалық  ақпаратпен алмастыру салық салу мақсатында қарқымды жалпы әлемдік стандартқа айналады. Бүгінгі таңда бұл үкіметаралық келісімге қол қою алықаралық салықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша АҚШ пен Қазақстанның ынтымақтастығына өзімен бірге ауқымды ілгерлету ала келеді.

 

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Баспасөз қызметі