Print previewPrint

2017 жылдың 10 қаңтардағы жағдайы бойынша 2014-2017 жылдарға арналған жекешелендірудің Кешенді жоспарын жүзеге асыру туралы ақпарат

1/11/2017

Коммуналдық меншіктен 201 объекті сатылды

2014 - 2017 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес сатуға 718 объекті жоспарланған. 2014 жылдың маусым - 2017 жылдың қаңтардағы кезеңінде 602 объекті жекешелендіруге жатады. 2017 жылдың 10 қаңтардағы жағдайы бойынша іс жүзінде саудаға 557 объекті шығарылды, оның ішінде 394 объекті сатылды, республикалық меншік бойынша - 25, коммуналдық меншік бойынша - 201, ӘКК - 97, холдингтер бойынша - 71.

Сонымен, қаражат келесі түрде таратылды: республикалық бюджетке 8 415 млн. теңге, облыстық бюджеттерге 16 958 млн. теңгеден астам, Холдингтер 73 600 млн теңге, ӘКК 6 760 млн. теңге.

Республикалық меншік бойынша

Барлығы 2014-2017 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 56 объекті жекешелендіруге жатады. 2014 жылдың маусым - 2017 жылдың қаңтардағы кезеңінде іс жүзінде сатуға 35 объекті жоспарланған. Ағымдағы жылдың 10 қаңтардағы жағдайы бойынша сауда-саттыққа 35 объекті шығарылды, оның ішінде 25 объекті сатылды.

Коммуналдық меншік бойынша

Барлығы 2014 - 2017 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 353 объектінің сатылуы белгіленді. 2014 жылдың маусым - 2017 жылдың қаңтардағы кезеңінде 288 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 10 қаңтардағы жағдайы бойынша 269 объекті шығарылды, соның ішінде 201 объекті сатылды.

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша 2014 - 2017 жылдарда сату Кесте бойынша сатуға 144 объекті белгіленді. 2014 жылдың маусым - 2017 жылдың қаңтардағы кезеңінде 129 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 120 объекті сатуға қойылды, 97 объекті сатылды.

Ұлттық компаниялар мен холдингтер бойынша

2014 - 2017 жж. арналған сату Кестесі бойынша 165 объекті жекешелендіруге жатады, 10 қаңтардағы жағдайы бойынша жоспарланған 150 объектінің 133 объектісі сауда - саттыққа шығарылды, оның ішінде 71 объект сатылды.