Print previewPrint

Қаржы министрлігінде Ішкі мемлекеттік аудит комитетімен «Ішкі аудит қызметтерінің жұмыстарының тиімділігін енгізу» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді

7/11/2017

Ішкі аудит сапасын арттыру

 

Іс-шараға орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың Ішкі аудит қызметтерінің басшылары мен мемлекеттік аудиторлары қатысты.

Қаржыминнің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Аниятолла Сәрсенов дөңгелек үстелдің басты мақсаты ішкі аудит сапасының бақылау жүйесін енгізу екендігін атап өтті.

«Ішкі аудиторлардың жұмыстарының сапасын арттыру мемлекеттік аудитті дамытумен үзіліссіз байланыста. Тек қана тәуелсіз және объективті кепілдіктер мен кеңестерді ұсынатын, мемлекеттік органның жұмысын жетілдіру мен алға қойылған мақсаттарға қол жеткізетін мықты ішкі аудит жүйесі мемлекеттік басқарудың мықты жүйесін қамтамасыз етеді» -деді Ішкі аудит комитетінің басшысы.

Қолданыстағы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау заңнамасын жетілдіру қажеттілігі туралы қонақ ретінде шақырылған Бухгалтерлік есеп пен аудит әдіснамасы департаменті директоры А.Бектұрова өз баяндамасында атап өтті.

Барлық орталық мемлекеттік және  жергілікті атқарушы органдардың ішкі аудит қызметтеріне заңнаманы қолданған кездегі барлық өзекті мәселелерді ескерумен өзгертулер мен толықтыруларды енгізу бойынша ұсыныстарды Комитетке жолдауды ұсынды.

Сондай -ақ, дөңгелек үстелде ІАҚ сапасын бақылау әдіснамасы, ішкі аудиторлармен құрастырылатын құжаттар сапаларының бақылау нәтижелері және басқа да мемлекеттік аудит органдарымен өзара іс-әрекет барысындағы мәселелер мен оны шешу жолдары талқыланды. 

Мемлекеттік аудит органдарымен өзара іс-әрекет бойынша мәселелер негізінен, жекелеген мемлекеттік аудит органдарының қызметінің сәйкессіздігі мен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына мемлекеттік аудиторлардың іс-әрекеті екендігі аталып өтілді. Оның шешімі ішкі аудит сапасының ішкі баға жүйесін енгізу мен тұрақты ішкі бақылау, аудиттің барлық кезеңінде мониторинг пен құжаттаудан бастап ұсынымды енгізудің қол жетімді нәтижелерін саралаудан объектіні алдын-ала зерделеу болып табылады.