Print previewPrint

ХВҚ және АДБ бірлескен миссиясы шеңберінде «Есептеу әдісі бойынша бюджеттеу» семинарын өткізу туралы баспасөз релизі

5/17/2017

Астана, 2017 жылғы 17 мамыр. ХВҚ және АДБ бірлескен миссиясы шеңберінде «Есептеу әдісі бойынша бюджеттеу» семинарын өткізу туралы баспасөз релизі

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (АДБ техникалық көмек қаражаты есебінен) 17 мамырда ХВҚ және АДБ бірлескен миссиясы шеңберінде «Есептеу әдісі бойынша бюджеттеу» семинары өткізілді.

Кавказ өңірі, Орта Азия және Қазақстан бойынша ХВҚ кеңесшісі Джон Зохраб, АДБ-ның Қазақстандағы өкілдігі директоры Джованни Капаннелли және Орталық Азия бойынша АДБ-ның аға кеңесшісі Вернер Липак құттықтау сөздер сөйледi.

АДБ-ның халықаралық сарапшысы Кен Уоррен (Жаңа Зеландия қазынашылық бас кеңесші) Қазақстан үшін қауіп-қатерлер мен мүмкіндіктерді, оның ішінде салық-бюджет саясаты тәуекелдерін, қаржы жағдайының толыққанды сипатын, ұзақ мерзімді міндеттемелерді қосымша бақылау мүмкіндіктерін анықтау үшін есептеу әдісі бойынша қосымша фискалдық көрсеткіштерін қолдану бойынша мүмкіндіктерді ашып көрсетті.

Семинарға министрліктер мен Астана қаласы әкімдігінің бюджеттік жоспарлау жөніндегі мамандары қатысты.