Print previewPrint

«Орталықтандырылған мемлекеттік сатып алу» пилоттық жобасын іске асыру жөніндегі жол картасын бекіту туралы

10/8/2019

Қаулы жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 2 қазандағы № 732 «Орталықтандырылған мемлекеттік сатып алу» пилоттық жобасын іске асыру жөніндегі жол картасын бекіту туралы» қаулысына сәйкес және Қазақстан Республикасының Президентінің 2019 жылғы 4 қыркүйектегі тапсырмасын орындау үшін ҚР Қаржы министрлігі әзірледі.

Жобаны іске асыру мақсатымен «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің Қазынашылық комитеті» республикалық мемлекеттiк мекемесін «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитеті» республикалық мемлекеттiк мекемесiн қосу жолымен қайта ұйымдастыру, Қаржы министрлiгінiң ведомстволары тізімінен «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитеті» республикалық мемлекеттiк мекемесiн алып тастау бөлігінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеге өзгеріс енгізу көзделген.

Қаулы жобасын іске асыруға республикалық бюджеттен қаражат бөлуді талап етілмейді.

Аталған Қаулы 2019 жылғы 4 қазанда нормативтік-құқықтық актілердің ашық интернет-порталында https://legalacts.egov.kz орналастырылған.