Print previewPrint

Мемлекет басшысының Өкімімен Бауыржан Қадырұлы Тортаев Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды

4/5/2017

Мемлекет басшысының Өкімімен Бауыржан Қадырұлы Тортаев Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды

2017 жылғы 5 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Оңдасын Сейілұлы Оразалин Мемлекет басшысының Өкімімен тағайындалған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Бауыржан Қадырұлы Тортаевты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ұжымымен таныстырды.

Мемлекет басшысының Өкімімен Наталья Артемовна Коржова зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрі Б.Т. Сұлтанов Наталья Артемовна Коржоваға ұзақ және жемісті еңбегі үшін алғысын білдіріп, оған үлкен табыс тілей отырып, ынтымақтастықты жалғастыру және Министрліктің жас қызметкерлеріне бірегей тәжірибесін беру туралы үміт білдірді.

Тортаев Бауыржан Қадырұлы 1967 жылы 18 қыркүйек күні Семей қаласында дүниеге келді.

1991 жылы Серго Орджоникидзе атындағы Мәскеу мемлекеттік  басқару академиясын «инженер-экономист» мамандығы бойынша бітірді.

1991-1992 жылдары Семей қаласында тауар – шикізат биржасында ақпараттық – анықтамалық орталығының маманы; «Байгель» ШК инжернер-бағдарламашысы .

1992-1995 жылы – «Дидар» ШЖК бас бухгалтері;   «АрпаМасағы» ШЖК бас бухгалтері; «Шарт» ұжымдық кәсіпорынның коммерциялық директоры; Семей «Шаруашылық таурлары» АҚ бас бухгалтері;

1996−1997 жылдары — Семей облыстық экономика басқармасының жетекші, бас маманы;

1997−1998 жылдары — Семей қаласының әкімі аппаратының экономикалық жинақтау бөлімінің консультанты;

1998−1999 жылдары — Шығыс Қазақстан облыстық статистика басқармасы бастығының орынбасары;

1999−2000 жылдары — Шығыс Қазақстан облысының Статистика басқармасы Ақпараттық-статистикалық орталығының бастығы;

2002−2008 жылдары — Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының орынбасары;

2008−2010 жылдары — Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінің директоры;

2010−2011 жылдары — Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінің директоры;

2014−2017 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

 

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі