Print previewPrint

Бұрын ҚР Қаржы министрінің кеңесшісі болып жұмыс істеген Ерлан Жанбаев Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды

1/4/2018

 

Жанбаев Ерлан Амантайұлы - Торғай облысының тумасы. Білімі бойынша біліктілігі – салық бойынша қаржыгер, экономист, құқықтану бакалавры және экономика мен бизнес магистрі. Ақмола қаржы-экономикалық техникумын, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Қарағанды экономикалық Қазтұтынудағы университетін бітірген.

Еңбек жолын Торғай және Қостанай облыстарында салық инспекторынан бастады. Содан кейін Қаржы министрлігінің жетекші маманы, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Экономикалық бөлімінде консультанат болып қызмет атқарды.

2007 жылы сәуір айында Жамбыл облысы салық комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды, жарты жылдан кейін –ҚР Қаржы министрлігінің Павлодар облысы бойынша Салық департаменті бастығының (басшысының) орынбасары болып тағайындалды.

2015 жылы ҚР қаржы министрінің кеңесшісі болды.

«Салық қызметінің үздігі», «Қаржы қызметінің үздігі» кеуде белгілеріне және «Ерен еңбегі үшін» медаліне ие.