Print previewPrint

«Қаржылық есептілік депозитарийінің деректеріне, оның ішінде бухгалтерлік есеп және аудит стандарттарына пайдаланушылардың сенім деңгейі» индикаторы бойынша Қаржылық есептілік депозитарийіндегі ұлттық сауалнама нәтижелері

1/10/2017

2016 жылғы сауалнама нәтижелері бойынша аудит және қаржылық есептіліктің стандарттарымен қанағаттанғандардың үлесі сұралған пайдаланушылардың 82 % құрады, бұл ретте ҚР Қаржы министрлігінің Стратегиялық жоспарында 2016 жылға жоспарланған деңгейге жетті.

Бұл сауалнаманың талдау нәтижелері бухгалтерлік есеп және аудит стандарттарын қолданудың проблемалы мәселелерін анықтауға ықпал етеді.

Қаржылық есептілік депозитарийін пайдаланушылардың белсенді қатысуы бухгалтерлік есеп және аудиторлық қызмет жүйесінің жетілдірілуіне ықпал етеді.

Анықтамалық ретінде. Қаржылық есептіліктің депозитарийі инвестициялық тартымдылықты арттыруға ықпал ететін, қоғамдық қызығушылықты ұсынатын қызметі бар ұйымның қаржылық есептілігінің қол жетімділігін және ашықтығын қамтамасыз етеді, сондай-ақ ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметінің және ақпараттың дұрыстығын және сапаны арттыруға ықпал етеді, соның негізінде қолданушылар дәлелді  экономикалық шешімдерді қабылдай алады.