Print previewPrint

Өткен жеті айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджеттің кірістері ағымдағы жоспарды орындау бойынша да, былтырғы жылдың ұқсас кезеңіне өсу қарқыны бойынша да, оң трендті көрсетеді.

8/13/2019

2019 жылғы 7 айда мемлекеттік бюджеттің атқарылу қорытындылары туралы ҚР Үкіметінің отырысында ҚР Қаржы бірінші вице-министрі Б.Ш.Шолпанқұловтың баяндамасы Нұр-Сұлтан қаласы, Үкімет үйі, 2019 жылғы 13 тамыз

Мемлекеттік бюджет бойынша кірістердің өсу қарқыны 114,5%-ті, республикалық бюджет бойынша - 118%-ті және жергілікті бюджет бойынша - 106%-ті құрады.

 

Бюджеттердің барлық деңгейлерінде қаражатты игеру былтырғы жылға қарағанда жақсарды: мемлекеттік бюджет бойынша – 98,4%-ті, республикалық бюджет бойынша - 98,9%-ті және жергілікті бюджеттер бойынша - 98,2%-ті құрады. (2018 жылдың 7 айында мемлекеттік бюджет - 98%, республикалық бюджет - 98,6%, жергілікті бюджет - 97,9%).

 

КІРІСТЕР БОЙЫНША

 

 Мемлекеттік бюджетке 4 трлн. 984 млрд.теңге кірістер (трансферттерді есепке алмағанда) түсті, немесе жоспарға 103,6%.

Республикалық бюджеттің кірістері 102,2%-ке атқарылды немесе бюджетке 3 трлн. 607 млрд.теңге түсті.

Ағымдағы кезеңнің жоспары 79 млрд.теңгеге артық орындалды.

Бюджетке салықтар былтырғы жылға қарағанда 555 млрд.теңгеге артық түсті. Мұндай өсім негізінен қосылған құн салығы – 293 млрд.теңге, корпоративтік табыс салығы – 144 млрд.теңге, экспорттық кеден бажы – 92 млрд.теңге есебінен қамтамасыз етілді. 

Бұл ретте, экономиканың барлық салаларында макроэкономикалық көрсеткіштердің жақсарғанын атап өтеміз (2018ж. қаңтар – маусымға қарағанда 2019ж. қаңтар-маусымда өсу қарқыны: құрылыс - 111,1%, сауда - 107,5%, көлік–105,3%, ауыл шаруашылығы - 103,8%, өнеркәсіп - 102,6% және байланыс -101,7% құрады).

Жергілікті бюджеттердің меншікті кірістері 107,5%-ке немесе 1 трлн. 378 млрд.теңге атқарылды. 

Жоспардан тыс 97 млрд.теңге түсті.

Кірістер бойынша жоспар Нұр-Сұлтан қаласын қоспағанда, барлық өңірлер бойынша артығымен атқарылды.

 

ШЫҒЫСТАР БОЙЫНША

 

 Республикалық бюджет шығыстары 98,9%-ке немесе 6 695 млрд.теңгеге игерілді.

72 млрд.теңге атқарылмаған, оның ішінде бюджет қаражатын үнемдеу – 15 млрд.теңге. Игерілмегені – 57 млрд.теңге.

Игерілмеудің негізгі сомасы келесі мемлекеттік органдарда қалыптасты: Ішкі істер министрлігі – 8,8 млрд.теңге, Ауыл шаруашылығы министрлігі - 7,4 млрд.теңге, Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі - 6,2 млрд.теңге, Мәдениет және спорт министрлігі - 4 млрд.теңге.

Игерілмеуге мынадай факторлар әсер етті:

Бірінші, өткізілмеген (болмаған) конкурстар – 4,4 млрд.теңге, оның ішінде 3,1 млрд. теңге – ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің байланыстың әмбебап қызметтерін ұсыну бойынша ауылдық байланыс операторларының шығындарын субсидиялау бойынша мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстары өткізілмеді;

Екінші, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жеткізушілердің шарт міндеттемелерін орындамауы (жеткізушілердің тауарларды уақтылы жеткізбеуі; жеткізушілердің тауарларды жеткізбеуі; орындалған жұмыстар актілерін, шот-фактураларды уақтылы ұсынбау) – 14 млрд.теңге;

Үшінші, жұмыс кестесінен қалып қою (шартқа сәйкес жұмыстар мен қызметтерді іс жүзінде көрсету бойынша ақы төлеу, шарттарды ұзақ мерзім келісу, конкурстық рәсімдерді үзақ өткізу) және ерекше шығындар – 39 млрд.теңге.

 

Жергілікті бюджеттердің шығыстары 3 трлн. 73 млрд.теңге сомасында немесе 98,2% атқарылды.

Атқарылмау сомасы 55 млрд.теңгені құрады.

Ағымдағы жылға арналған республикалық бюджетте   1 трлн. 757 млрд.теңге сомасында нысаналы трансферттер көзделді.

Өңірлерге  751 млрд.теңге бөлінді.

Олар 727 млрд.теңгені игерді, оның ішінде
3 млрд.теңге үнемдеу.

 

НҰРЛЫ ЖОЛ бойынша

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2019 жылға 555 млрд.теңге көзделген.

Ағымдағы жылдың 1 тамызына шығыстар 272,5 млрд.теңгеге немесе 99,6%-ке игерілді.

Өткен жылға қарағанда, 76 млрд.теңгеге артық

 

 

АУДИТ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ БОЙЫНША

 

 есепті кезеңде 719 млрд.теңге бюджет қаражатына  аудит жүргізілді.

Аудит нәтижелері бойынша жалпы сомасы 121 млрд.теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды.

Аудит жүргізу барысында 114 млрд.теңге сомаға бұзушылықтар түзетілді, оның ішінде 7 млрд.теңге қалпына келтірілді, 2 млрд.теңге өтелді және 105 млрд.теңге есеп бойынша көрсетілді.

Камералдық   бақылаумен жалпы сомасы 6 трлн. теңгеге  1 млн. мемлекеттік сатып алу рәсімі қамтылды.

Нәтижесінде 379 млрд.теңге сомаға бұзушылықтарға жол берілмеді.

Олар конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізу және сатып алу қорытындыларын қайта қарау арқылы түзетілді.

 

ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ БОЙЫНША

 

2019 жылға 116 объектіні сату жоспарланған. 64 объекті сатуға шығарылды.

Оның ішінде 31 объекті  33 млрд.теңгеге сатылды.

 

33 объекті әліде болса сауда-саттықта.

15 объекті бойынша қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылданды.

37 объекті ағымдағы жылдың соңына дейін шығарылуы тиіс.

Жалпы алғанда, қайта ұйымдастырылатын және таратылатын объектілерді қоса алғанда, есепті күнге Кешенді жекешелендіру жоспарының орындалуы 90,7%-ті құрайды.