Print previewPrint

Баспасөз-аңдатпа

8/12/2019

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «Астана» Халықаралық қаржы орталығының Бюросымен және ҚР Ішкі аудиторлар институтымен бірлесіп 2019 жылдың 13 тамызында Анжела Вицани халықаралық экспертінің қатысуымен Ішкі адиторлардың ұлттық конференциясын өткізеді.

Бұл «Астана» Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) және Қазақстандағы Ішкі аудиторлар институтымен (ҚР ІАИ)  мемлекеттік аудиторлардың кәсібилігін қолдау және ішкі аудит үшін жаңа көзқарастар мен нұсқаулықтарды қалыптастыруға бағытталған алғашқы бірлескен жоба.

Конференцияда ішкі аудиттің табысты жұмыс істеуіне әкелетін негізгі аспектілерді басқарудағы ішкі аудиторлардың рөлі туралы  цифрландырудың ішкі аудитке оң және теріс әсері туралы талқылау жоспарлануда және АХҚО Бюросының бастамасымен  тәжірибемен алмасуды таныстыру көзделуде.

Конференцияға қатысушылар – Қазақстан Республикасының ішкі аудиторлары.

Өткізілетін күн және орын: 2019 ж. 13 тамыз, сағат 10.00, Нұр-Сұлтан қ., АХҚО Бюросы, ЭКСПО территориясы, Мәңгілік ел 55/23, блок С4.4

Аккредиттеу мәселелері бойынша: minfingovkz@gmail.com

8 (7172) 75-03-75, 75-03-42, 75-02-31. 

 

ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі