Print previewPrint

2020 жылғы қаңтар-ақпандағы мемлекеттік бюджеттің атқарылу қорытындылары туралы» ҚР Үкіметінің отырысында Ә.А.Смайыловтың баяндамасы

3/10/2020

2020 жылғы қаңтар-ақпандағы мемлекеттік бюджеттің атқарылу қорытындылары туралы» ҚР Үкіметінің отырысында Ә.А.Смайыловтың баяндамасы

Құрметті Аскар Ұзақбайұлы!

Құрметті әріптестер!

КІРІСТЕР БОЙЫНША

Мемлекеттік бюджеттің кірістері (трансферттерді есепке алмағанда) есептілік кезеңнің жоспарына қарағанда 97,3%-ке, олардың ішінде республикалық кірістер – 83%-ке, жергілікті бюджеттер – 145,3%-ке орындалды.

Республикалық бюджеттің кірістері толығымен орындалмауы келесі сыртқы факторлардың әсерінен болды.

Біріншіден, Қытай Халық Республикасында өткен жылдың соңында пайда болған корановирус эпидемиясынын таралуы импортқа салынатын қосылған құн салығының көлеміне теріс әсерін тигізуде (факт 173 млрд.теңге, жоспар 262 млрд.теңге, атқарылу 66,2%).

Атап айтқанда, ағымдағы жылдың ақпан айында Қытайдан әкелінетін импорттың көлемі 2019 жылдың ақпанымен салыстырғанда 11 %-ке ал физикалық көлемі 27 %-ке төмендеді

Нәтижесінде, Қытайдан келетін импорттық тауарлардан түсетін кедендік баждар мен салықтардың көлемі 12%-ке яғни 2,1 млрд.теңгеге азайды (2019ж. ақпаны - 17 млрд.теңге, 2020ж. ақпаны - 15 млрд.теңге).

Жалпы есепті кезеңде Қытайдан келетін автокөлік құралдарының саны 24%-ке (2019ж. 2 айында – 4,6 мың тавтокөлік, 2020ж. 2 айында – 3,5 мың автокөлік) және темір жол транспорты 14%-ке азайды (2019ж. 2 айында 8 мың теміржол көлігі, 2020ж. 2 айында – 7 мың теміржол көлігі).

Одан басқа, ақпан айында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен импорт тасымалдайтын автокөліктің саны 20%-ке азайды

Екіншіден, сыртқы нарықта бағалардың төмендеуі.

Мыстың бағасы - 6%-ке, алюминийдің – 5%-ке, мырыштың – 10%-ке, қорғасынның - 3%-ке төмендеуі 50%-тен астам корпоративтік табыс салығын төлемшілердің аванстық төлемдерінің азюына әсерін

Сонымен бірге, 18 екінші деңгейлі банктерден түсімдері 56%-ке азайды.

Сыртқы теріс факторлардың әсеріне қарамастан қосылған құн салығы бойынша 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 110,5%-ке өсу қарқыны қамтамасыз етілді.

Жергілікті бюджетердің өз кірістері 174 млрд.теңгеге артығымен орындалып, 559 млрд.теңгені құрады.

Барлық өңірлерде кірістердің жоспары артығымен орындалды.

ШЫҒЫСТАР БОЙЫНША

Мемлекеттік бюджет шығыстары 96,5%-ке, республикалық – 97,1%-ке, жергілікті бюджеттері 96,9%-ке атқарылды.

Республикалық бюджет шығыстары 2 трлн. 102 млрд.теңгені құрады.

Бюджет қаражаты 62 млрд.теңгеге атқарылмады, оның 10 млрд.теңгесі үнемдеу болады.

Ал, игерілмеу сомасы 52 млрд.теңгені құрады.

Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 23 млрд.теңгеге төмен.

Ең ірі игерілмеу сомалары келесі министрліктерде қалыптасты: Ұлттық экономика – 15,6 млрд.теңге, Ұлттық қауіпсіздік комитеті – 8,3 млрд.теңге, Білім және ғылым – 4,7

млрд.теңге, Әділет – 4,6 млрд.теңге, Мәдениет және спорт – 4,2 млрд.теңге, Ішкі істер - 3,3 млрд.теңге министрліктері.

Негізгі себептер: кредиттік шарттарға кеш қол қою, орындалған жұмыстардың актісін уақытылы берілмеуі, конкурстардың ұзақ өткізілуі және нормативтік құқықтық актілердің уақытында қабылданбауы.

Жергілікті бюджеттердің шығыстары 721 млрд.теңгеге игерілді.

23 млрд.теңге орындалмады.

Ағымдағы жылы республикалық бюджетте жергілікті бюджеттерге 1 трлн. 499 млрд.теңге нысаналы трансферттер қарастырылған.

Есепті кезеңде оларға 97,7 млрд.теңге бөлінді.

Алдын ала деректер бойынша жергілікті атқарушы органдармен олардың 92,3%-і игерілді, яғни 90,2 млрд.теңге.

7,5 млрд.теңге орындалмаған, оның ішінде 2,3 млрд.теңге үнемдеу.

5,2 млрд.теңге игерілмеген.

Ең көп игерілмеген қаражат келесі өңірлерде қалыптасты: Нұр-Сұлтан қ. – 1,7 млрд.теңге, Түркістан – 1,1 млрд.теңге, Алматы қ. – 0,8 млрд.теңге, Атырау – 0,5 млрд.теңге, Актөбе – 0,4 млрд.теңге – облыстары.

Барлық өңірлердегі игерілмеудің басты себептері: жобалары бойынша аванстық төлем мөлшерінің азаюы, қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу қажеттілігі, шарттар, қосымша келісімдер жасасу рәсімдерін ұзақ жүргізу және орындалған жұмыстар актілерін, шот-фактураларды уақтылы ұсынбауға байланысты.

МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ ЖӘНЕ КАМЕРАЛДЫҚ БАҚЫЛАУ БОЙЫНША

Есепті кезеңде 334 аудиторлық іс-шаралар жүргізілді.

187 млрд.теңге бюджет қаражаты аудитпен қамтылды.

Нәтижесінде 44 млрд.теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды.

Олардың 38 млрд.теңгесі тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету және жұмыстарды орындау, бюджетке өтеу және есеп бойынша көрсету жолымен жойылды.

МЕМЛЕКЕТТІК АКТИВТЕРДІ БАСҚАРУ БОЙЫНША

2020 жылға 68 объектіні сату жоспарланған.

Оның 34-і сатылуға қойылды.

Есепті кезеңде 6 объект 3,2 млрд.теңгеге сатылды

28 объекті сауда-саттыққа шығарылды.

3 объекті қайта ұйымдастыру және таратуға жіберілді.

31 объекті жылдың аяғына дейін сатылуға шығарылады.

***

Есепті кезеңдегі бюджеттің атқарылуының қортындылары осындай көрсеткіштермен қалыптасты.

Сыртқы факторларға байланысты қалыптасып отрыған экономикалық жағдайда мемлекеттік бюджеттің теңгерімділігін және тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қолданылатын болады.

Бірінші кезекте республикалық бюджеттің шығыстары оңтайландырылатын болады.

Оңтайландыру бойынша бағыттар белегіленген.

Біріншіден, бюджет қаражатының есебінен қымбат жиһаздар мен автокөліктер сатып алу, семинарлар, форумдарды өткізу және басқа да имидждік шаралар.

Осы бағыттар бойынша алдын-ала жұмыстар жүргізілді.

Мемлекеттік органдар мен өңірлердің, квазимемлекеттік субъектілердің тиісті қадамдық әректтерінің Жол картасы бекітілді.

Екіншіден, кейінгі мерзімге қалдыруға болатын ағымдағы жағдайдағы басымды емес шығыстар, жобалар мен шаралар және де жаңа жобалар, олардың ішіндегі кейінге қалдыру шартымен бюджетте қарастырылған жобалар.

Сонымен қатар барлық әлеуметтік міндеттердің толық орындалуы қамтамасыз етіледі.

Бұдан басқа, инфляцияның коридорының қайта қарастырылуын ескере отырып – пенсия, жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмектерді индексациялау үшін шаралар қабылданады.

Теңгенің курсына байланысты бірқатар шығыстар индексацияланады.

Бұл мемлекеттің борышының қызметін көрсету, кепілдендірілген тегін медициналық көмек, шет елде Қазақстан азаматтарын емдеу, «Болашақ» программасы бойынша оқыту және басқа да шығыстар.

Үшіншіден, бюджет теңгерімділігін қамтамасыз ету шеңберінде тағы бір бағыт – ол квазимемлекеттік компанияларының дивиденттік саясатын қайта қарау.

Барлық айтылған шараларды жүзеге асыру үшін республикалық бюджетті сәуір айының ортасында нақтылау жобасын дайындау ұсынылады.

Жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджеттердің шығыстарын оңтайландыру үшін осындай жұмыстарды жүргізуі қажет.

Назарларыңзға рақмет!