Print previewPrint

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б.Т. Сұлтанов Азия даму банкінің Қаржылық сектор және жеке сектор департаментінің біріккен миссиясымен кездесу өткізді

3/16/2017

Ағымдағы жылғы 16 наурызда ҚР Қаржы министрі Б.Т. Сұлтанов Азия даму банкінің Қаржылық сектор және жеке сектор департаментінің біріккен миссиясымен кездесу өткізді

Банктің Директор Кеңесімен қабылдауға жоспарланып отырған 2017-2021 жылдарға арналған АДБ жаңа Елдік стратегиясын дайындау және АДБ-мен ынтымақтастықты кеңейту ҚР Қаржы министрі Б.Т. Сұлтановтың АДБ өкілдерімен кездесуінің талқылау мәні болды.

Министр Мемлекет Басшысының «Қазақстандағы үшінші модернизация: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының ережелерін барынша толығымен ашуға тоқталды.

«Қазақстан қазіргі уақытта терең реформалардың сатысында. Оларды жүргізудің негізгі мақсаты – 2050 жылғы Стратегияның негізгі мақсатын іске асыру – 30 дамыған мемлекеттердің қатарына кіру. Бұл үшін біз экономика өсімін басқа мемлекеттерден жоғары болуын қамтамасыз етуміз керек», - Қаржы министрі хабарлады. Ол сондай-ақ макроэкономикалық тұрақтылықтың маңызды шарт екенін атап өтті.

Бақыт Сұлтанов бюджеттік қаражатты пайдалану тиімділігін көтеру шараларын ашып айтып, квазимемлекеттік сектордың борыштарын мониторингілеу және бақылауды күшейту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы хабардар етті. Ол сондай-ақ экономикада жеке меншік сектордың басым рөлін қамтамасыз ету құралы ретінде жекешелендіру бағдарламасына ерекше назар аударды.

Кездесу соңында екі жақ бұдан әрі өзара тиімді ынтымақтастыққа үміттерін білдірді.