Print previewPrint

ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің бірінші жарты жылдық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметіне кеңейтілген Алқа отырысы өткізілді

7/13/2017

Мемаудит: қорытындылар мен нәтижелер

 

Атқарылған жұмыс туралы Комитеттің 16 аумақтық бөлімшелерінің басшылары сөз сөйледі.

Сондай-ақ ҚР Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Экономикалық тергеу қызметінің өкілдерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтері туралы баяндамалары да мағыналы болды.

Комитетпен өзара іс-әрекет ету мен заңнамаларды нақты түсіндірумен бухгалтерлік есеп пен аудит департаментінің директоры Арман Бектұрова мен бюджеттік заңнама департаментінің директоры Зайфун Ерназарова сөз сөйледі.

Ағымды жылдың бірінші жарты жылдығы бойынша аумақтық құрылымдардың кесіндісінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат туралы Комитет төрағасының орынбасары Шолпан Шайназарова, ағымды жылдың бірінші жарты жылдығы бойынша мемаудит қорытындылары мен Комитеттің прокуратура және қылмыстық қудалау органдарымен өзара әрекет қорытындылары туралы Комитет төрағасының орынбасары Берік Нәжімиденов ақпараттандырды. 

№ 1 Мемлекеттік сектор аудиті басқармасының басшысы Ғабдулхамит Төлешов пен № 2 Мемлекеттік сектор аудиті басқармасының басшысы Жұмахан Шалкенов ҚР Президенті мен Үкіметінің тапсырмалары бойынша Комитеттің орталықтандырылған тапсырмалары бойынша сөз сөйледі. 

Комитеттің Тәуекелдер басқармасының басшысы Владимир Магай камералдық бақылаумен анықталған нақты бұзушылықтарға тоқталды, өз кезегінде, камералдық бақылау ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің негізгі қызметтерінің бірі болып табылады.    

Аумақтық құрылымдармен жүргізілетін аудит сапасының бақылау мәселелері бойынша Сапаны бақылау басқармасының басшысы Динара Құрманғалиева баяндама жасады. Ол аумақтық құрылымдардың басшыларына жүргізілетін аудит сапасын жақсарту бойынша семинарлар ұйымдастыруды ұсынды. 

Алқа отырысының нәтижелері бойынша Комитет төрағасы Аниятолла Сәрсенов мерзімінде орындау үшін басқарма мен аумақтық құрылымдардың басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.