Print previewPrint

2016 жылдың 7-8 қарашасында Астана қаласында Мемлекеттік сатып алу бойынша Ұлттық семинар өтеді

11/7/2016

Астана қаласында Мемлекеттік сатып алу бойынша Ұлттық семинар өтуде

2016 жылдың 7-8 қарашасында Астана қаласында Мемлекеттік сатып алу бойынша Ұлттық семинар өтеді.

Іс-шараның мақсаты – Дүниежүзілік Сауда Ұйымының (ДСҰ) Мемлекеттік сатып алу жөніндегі келісімінің ережелерімен және талаптарымен танысу және тәжірибе алмасу.

Іс-шараның ұйымдастырушылары – ҚР Қаржы министрлігі ДСҰ Хатшылығымен және Еуропа Қайта Құру және Даму Банкімен (ЕҚДБ) бірлесіп қоғамдық ұйымдардың, бизнес-қауымдастықтардың және мемлекеттік органдардың өкілдерін семинарға шақырды.

Қазақстан Республикасы ДСҰ-ға кіре отырып, өзіне бірқатар міндеттемелер алды, олардың бірі ДСҰ Мемлекеттік сатып алу жөніндегі келісімінің байқаушысы мәртебесін алу болып табылады.

Қазақстан Республикасының байқаушы мәртебесін алуға ресми өтінімі ДСҰ Комитетінің кезекті отырысы шеңберінде бірауыздан дауыс беру арқылы 2016 жылғы 19 қазанда мақұлданды.

ДСҰ шеңберінде мемлекеттік сатып алу Мемлекеттік сатып алу жөніндегі келісіммен реттеледі.

ДСҰ Мемлекеттік сатып алу жөніндегі келісіміне сәйкес:

-                     мемлекеттік қатысуы бар заңды тұлғалардың коммерциялық сатып алуды коммерциялық пайымдар негізінде, яғни жергілікті қамту жөніндегі талаптарды қолданбай жүзеге асыруын қамтамасыз ету қажет;

-                     ДСҰ-ға кіргеннен кейін 4-жылдық өтпелі кезең өткеннен соң Қазақстан ДСҰ Мемлекеттік сатып алу жөніндегі келісіміне қосылу бойынша келіссөздерді бастайды.

Қазіргі уақытта бұл сала «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңымен реттеледі, ол Ұлт жоспарының 56-қадамын іске асыру шеңберінде әзірленген және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген.

Сарапшылардың пікірінше, заң құқықтық қолдану практикасы мен халықаралық тәжирибені ескере отырып, мемлекеттік сатып алудың тиімді жүйесін қалыптастыруға бағытталған.

Жетілдірілген заңнамаға сәйкес техникалық ерекшеліктердің жобаларын алдын ала талқылау институты енгізілген. Енді техникалық ерекшеліктерді бекітудің міндетті шарты оны алдын ала талқылау болып табылады. Бұл шара өнім берушілерге техникалық ерекшеліктердің жобасымен алдын ала танысуға және шарт жобасының бәсекелестікке қарсы талаптары болған жағдайда тапсырыс берушіге немесе бақылау органдарына шағым беруге мүмкіндік береді.

Заң мемлекеттік сатып алуды шағымдану кезеңінде тоқтата тұруды және мемлекеттік сатып алу туралы шартты тек электрондық форматта web-порталда жасасуды да көздеген. Бұл шара мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындылығын арттыруға бағытталған.

Конкурс пен аукцион өткізу тәртібі оңайлатылған. Конкурсқа қатысуға өтінім мен баға ұсынысы бірге беріледі. Бұл конкурс өткізу кезеңдерін қысқартуға, сондай-ақ тапсырыс берушінің лауазымды тұлғаларының асыра пайдалануына себеп болатын фактілерді жоюға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік сатып алу саласын жетілдіру әлемнің ең үздік тәжирибелерін зерделеуге негізделген үздіксіз процесс. Осы мақсаттарда 2016 жылдың 8 қарашасында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде Оңтүстік Кореяның Мемлекеттік сатып алу қызметінің өкілдерімен кездесу өтеді.

Іс-шара Сеул қаласындағы (Корея Республикасы) Электрондық мемлекеттік сатып алу бойынша Азия-Тынық мұхит өңірінің 2-Конференциясының нәтижелері бойынша іс-шара өтеді, оны өткізу барысында Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасының өкілдері мемлекеттік сатып алу саласында өзара ынтымақтастық туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Іс-шара барысында әлемде ең озық болып табылатын Корея Республикасының электрондық мемлекеттік сатып алу жүйесі зерделенетін болады, сондай-ақ Корея Республикасының Мемлекеттік сатып алу агенттігі мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі арасындағы Мемлекеттік сатып алу саласындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылады.

 

  

 

  

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі