Print previewPrint

Олжас Құдайбергенов "Қаржы министрлігі - Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің сыртқы басқарушысы болды

9/5/2019

Экономист, Стратегиялық бастамалар орталығының аға әріптесі, "Қаржы министрлігі-Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің сыртқы басқарушысы Олжас Құдайбергеновты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл жөніндегі Ұлттық Бюродағы брифингте Қаржы министрлігінің Жауапты хатшысы Ерулан Жамаубаев таныстырды.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың маусым айында Қаржы министрлігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен өзара іс - қимыл жасау кезінде алғашқылардың бірі болып "Қаржы министрлігі-Адалдық алаңы" жобалық кеңсесін іске қосты.

"Мемлекет басшысы жақында өткен Қазақстан халқына Жолдауында қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың қажеттіліктеріне жедел әрекет ету мемлекеттік органдар қызметінің басты басымдығы болып табылатынын және жобалық кеңсенің жұмысы нақты нәтижелерді қамтамасыз етуге бағытталған", - деп атап өтті Е. Жамаубаев".

Оның айтуынша, "Қаржы министрлігі-Адалдық алаңы" жобалық кеңсесі азаматтық қоғам өкілдерімен тығыз өзара іс-қимыл, сыбайлас жемқорлықты жою және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жолымен жүзеге асырылады.

Қаржы министрлігі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу бойынша жұмысты бастады, кейіннен оларды жою бойынша, атап айтқанда, сыбайлас жемқорлық көріністеріне неғұрлым бейім кеден саласында ұсынымдар әзірлеу.

Проблемалық мәселелерді жүзеге асыру үшін жобалық офис базасында Сараптамалық кеңес құрылды, оның құрамына "Атамекен" ҰКП, қазақстандық кедендік брокерлер Қауымдастығы Кеңесінің, Қазақстандық автобизнес қауымдастығының өкілдері және Министрліктің мүдделі құрылымдық бөлімшелері кірді.

Facebook, Instagram әлеуметтік желілеріндегі азаматтардың пікіріне талдау жасау және есепке алуды жан-жақты жүргізу үшін байланыс деректері мен жобалық кеңсенің орналасқан жері көрсетілген беттер ашылды.

"Қаржы министрлігі - Адалдық алаңы" жобалау офисі Мәнгілік ел даңғылы, 8 Министрліктер үйінің 4-ші кіреберісінде орналасқан. Оған әрбір азамат еркін келіп, өз сұрақтарымен жүгіне алады.

Е. Жамаубаев атап өткендей, Жобалық кеңсе Қаржы министрлігі қызметінің ашықтығын арттыру, оның ішінде азаматтық қоғам өкілдерімен тығыз қарым-қатынас жасау, сыбайлас жемқорлықты жою және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында құрылған.

Жобалық офис құрылған сәттен бастап туындаған проблемалық жағдайларды шешуге мүмкіндік берген бірқатар өтініштер қаралып, толық жауаптар берілді.

Бұдан басқа, жекелеген мәселелер бойынша Министрліктің құзыретті лауазымды тұлғаларын тарта отырып, қолданыстағы заңнамаға түсіндірме берілді.