Print previewPrint

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2018 жылғы есеп

11/28/2019

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері және оның пайдаланылуы туралы 2018 жылғы есеп. Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 10 маусымдағы № 67 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН.

 

Мазмұны:

 

1-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері және оның пайдаланылуы туралы 2018 жылғы есеп.

2-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын сенімгерлік басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі туралы
2018 жылғы есеп.

3-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын басқару жөніндегі
2018 жылғы өзге де деректер.

 

1-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері және оның пайдаланылуы туралы 2018 жылғы есеп

 

Р/с

Қордың қаражатын қалыптастыру және пайдалану

Сомасы (мың

теңге)

1

2

3

1.

Есепті кезеңнiң басындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі – Ұлттық қор) қаражаты, БАРЛЫҒЫ:

22924524810*

2.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түсімдер, БАРЛЫҒЫ:

оның ішінде:

- мұнай секторының ұйымдарынан түсетін тікелей салықтар (жергiлiктi бюджеттерге есептелетін салықтарды қоспағанда),

оның ішінде:

корпоративтік табыс салығы;

үстеме пайдаға салынатын салық;                                               

бонустар;

пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық;

экспортқа салынатын рента салығы;

жасалған келiсiмшарттар бойынша өнiмдi бөлу

бойынша Қазақстан Республикасының үлесі;

қызметін өнiмдi бөлу туралы келiсiмшарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының мұнай секторының ұйымдарынан қосымша төлемі;

- мұнай секторының ұйымдары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа да түсімдер (жергілікті бюджеттерге есептелген түсімдерді қоспағанда),

оның ішінде:

мұнай секторының ұйымдарына орталық мемлекеттік органдар, олардың аумақтық бөлімшелері салатын әкімшілік айыппұлдар, өсiмпұлдар, санкциялар, өндiрiп алулар;

мұнай секторының ұйымдарына республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын өзге де айыппұлдар, өсiмпұлдар, санкциялар, өндiрiп алулар;

мұнай секторы ұйымдарының зиянды өтеуі туралы талаптар бойынша табиғат пайдаланушылардан алынған қаражат;

мұнай секторының ұйымдарынан түсетін басқа да салықтық емес түсімдер;

- республикалық меншікті жекешелендіруден түсетін түсімдер;

- ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және тізбе бойынша бәсекелес ортаға беруден түсетін түсімдер;

- ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер;

- инвестициялық кiрiстер;

- республикалық бюджеттен берілетін кепілдендірілген трансфертті қайтару;

- республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансфертті қайтару;

- Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де түсімдер мен кiрiстер.

5755587709

 

 

 

3200814177

 

1374259663

56554369

9065886

464651629

487066475

 

 

725105048

 

 

84111107

 

 

10761041

 

 

 

 

7584839

 

 

 

1495802

 

 

1677995

 

2405

 

12988991

 

 

 

 

 

 

0

 

262064

2522315717    

 

 

 

8445719

 

0

3.

 

 

 

Пайдалану, БАРЛЫҒЫ:

оның iшiнде:

- кепілдендірілген трансферт;

- нысаналы трансферттер;

- Ұлттық қорды басқаруға және жыл сайынғы сыртқы аудиттi жүргiзуге байланысты шығыстарды жабу.

2618074427

 

2600000000

0

 

 

18074427

4.

Есептi кезеңнiң соңындағы Ұлттық қордың қаражаты, БАРЛЫҒЫ:

26062038092**

 

Ескертпелер:

* 2018 жылдың басындағы сальдо 14986499 мың теңге мөлшерінде Қордың есептелген және мерзімі ұзартылған шығыстарының сомасын және
49 мың теңге – айырма мен сыртқы аудиторлар жасаған өткен жылдардағы қаржылық есептіліктегі дөңгелектеу сомасын және түзету сомасы болып табылатын
2397424540 мың теңге соманы есепке алмай көрсетілген;

** 2018 жылдың соңындағы сальдо 9326308 мың теңге мөлшерінде Ұлттық қордың есептелген және мерзімі ұзартылған шығыстарының сомасын және
49 мың теңге – айырма мен сыртқы аудиторлар жасаған өткен жылдардағы қаржылық есептіліктегі дөңгелектеу сомасын және түзету сомасы болып табылатын
2378870875 мың теңге соманы есепке алмай көрсетілген.

2018 жылғы 1 қаңтарда Ұлттық қордың қаражаты 22924524810 мың теңгені (20512113722 мың теңге – аудиттелген қаржылық есептілікке сәйкес есептеу әдісімен), 2018 жылғы 31 желтоқсанға 26062038092 мың теңгені (23673840860 мың теңге – аудиттелген қаржылық есептілікке сәйкес есептеу әдісімен) құрады.

2018 жылы Ұлттық қорға 3233271992 мың теңге түсті, оның ішінде: мұнай секторының ұйымдарынан түскен тікелей салықтардың түсімдері есебінен (жергілікті бюджеттерге есептелетін салықтарды қоспағанда) – 3200814177 мың теңге, оның ішінде 1910386663 мың теңгесі (5525031 мың АҚШ долларына барабар) күнбе-күн дәйекті айырбастау/қайта айырбастау операциясын жүргізу жолымен Ұлттық қордың теңгедегі тиісті шотына есептелген шетел валютасындағы түсімдер; мұнай секторының ұйымдары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа да түсімдер (жергілікті бюджеттерге есептелген түсімдерді қоспағанда) – 10761041 мың теңге, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер – 262064 мың теңге және республикалық меншікті жекешелендіруден түсетін түсімдер – 12988991 мың теңге.

«2018 – 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2018 жылы республикалық бюджеттен Ұлттық қорға мынадай сомалар аударылған:

- Ұлттық қордан республикалық бюджетке нысаналы трансферт түрінде тартылған пайдаланылмаған қаражаттың 8445719 мың теңге сомасындағы бір бөлігін Ұлттық қорға қайтару.

Ұлттық қорды басқарудан түсетін инвестициялық кіріс түсімдерінің бағамдық түзету ескеріліп есептелген сомасы 2522315717 мың теңге құрады.

 

2018 жылы Ұлттық қорға мұнай секторы ұйымдарынан түскен түсімдердің құрылымы мынадай көрсеткіштермен сипатталады:

Салықтық/салықтық емес түсімдердің түрлері

Сомасы

(мың теңге)

Жалпы көлемдегі үлесі, (%)

Мұнай секторы ұйымдарының заңды тұлғаларынан алынатын корпоративтік табыс салығы

1374259663

42,79

Үстеме пайдаға салынатын салық

56554369

1,76

Бонустар

9065886

0.28

Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық

464651629

14.47

Экспортқа салынатын рента салығы

487066475

15.16

Жасалған келiсiмшарттар бойынша өнiмдi бөлу бойынша мұнай секторы ұйымдарынан Қазақстан Республикасының үлесі

 

725105048

 

22.58

Қызметін өнiмдi бөлу туралы келiсiмшарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының мұнай секторының ұйымдарынан қосымша төлемi

 

 

84111107

 

 

2,62

Мұнай секторының ұйымдарына орталық мемлекеттiк органдар, олардың аумақтық бөлімшелері салатын әкімшілік айыппұлдар, өсiмпұлдар, санкциялар, өндiрiп алулар

 

 

 

7584839

 

 

 

0.24

Мұнай секторының ұйымдарына республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер салатын өзге де айыппұлдар, өсiмпұлдар, санкциялар, өндiрiп алулар

 

 

 

1495802

 

 

 

0.05

Мұнай секторы ұйымдарының зиянды өтеуі туралы талаптар бойынша табиғат пайдаланушылардан алынған қаражат

 

 

1677995

 

 

0.05

Мұнай секторының ұйымдарынан түсетін басқа да салықтық емес түсімдер

 

2405

 

0

БАРЛЫҒЫ:

3211575218

100

 

 

Ұлттық қорға мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдердің негізгі бөлігін (42,79 %) заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы мен жасалған келiсiмшарттар бойынша өнiмдi бөлу бойынша мұнай секторы ұйымдарынан Қазақстан Республикасының үлесі (22,58 %) құрады, түсімдердің жалпы сомасындағы олардың үлесі 65,37 % болды. Түсімдердің жалпы сомасындағы экспортқа салынатын рента салығы 15,16 %, пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық 14,47 % және қызметін өнiмдi бөлу туралы келiсiмшарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының мұнай секторы ұйымдарынан қосымша төлемi 2,62 % құрады.

Бұдан басқа, 2018 жылға бекітілген мұнай секторы ұйымдарының тізбесінен (152 ұйым) тек 110 ұйым Ұлттық қорға тікелей салықтарды төлеуді жүзеге асырғанын атап өткен жөн.

Есепті кезеңде Ұлттық Банк Ұлттық қордың тұрақтандыру портфелінен жалпы сомасы 2547566725 мың теңгеге (7461833 мың АҚШ долларына балама) АҚШ долларын қайта айырбастауды жүзеге асырды, оның ішінде:

2018 жылғы үшінші тоқсанда – 353.05 (KZT/USD) бағамы бойынша 1264049734 мың теңге (3580333 мың АҚШ долларына балама) сомаға;

2018 жылғы төртінші тоқсанда – 369.97 (KZT/USD) бағамы бойынша 47725510 мың теңге (129000 мың АҚШ долларына балама) сомаға жүзеге асырды.

«2018 – 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»
2017 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
2018 жылы Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферт түрінде ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламалардың шығыстарын қаржыландыруға жоспарланған 2600000000 мың теңгенің 2600000000 мың теңгесі аударылды, бұл жылдық жоспардың
100 %-ын құрайды.

2018 жылы теңгемен номинацияланған бағалы қағаздар эмиссиясының шарттарына сәйкес эмитенттерден жалпы сомасы 29078758 мың теңгеге купондық сыйақы, оның ішінде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» акционерлік қоғамының облигациялары бойынша – 28211663 мың теңге, «Бәйтерек» ҰБХ» акционерлік қоғамының облигациялары бойынша – 843095 мың теңге, «ҚазАгро» ҰБХ» акционерлік қоғамының облигациялары бойынша – 24000 мың теңге алынды.

Сондай-ақ 2018 жылы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» акционерлік қоғамының эмитенті жалпы сомасы 161660951 мың теңге облигацияларды мерзімінен бұрын өтеуді жүргізді.

 

 

 

 

 

Облигациялық қарыздар түрінде бөлінетін қаражатты есепке

алмағанда Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры қаражатының

пайдаланылуы (млрд теңге)

 

 

АҚШ доллары Ұлттық қордың валютасы болып табылатынын атап өткен жөн. 2018 жылы Ұлттық қорға мұнай секторы ұйымдарынан түскен түсімдер (3211575218 мың теңге) 2017 жылмен салыстырғанда (2033504947 мың теңге) 1178070271 мың теңге сомасына немесе 57,9 %-ға айтарлықтай ұлғайған. Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін салықтық түсімдердің ұлғаюы негізінен әлемдік нарықтағы мұнай бағасының ұлғаюына байланысты болды.

 

Инвестициялық кірісті есепке алмағанда

Ұлттық қорға түсетін түсімдер

(млрд теңге)

 

 

 

Мәселен, есепті кезеңде Ұлттық қордың активтері 2017 жылмен салыстырғанда 1 % немесе 124 млн АҚШ долларына қысқарған.

 

 

 

 

 

Ұлттық қордың ағымдағы шотында теңгедегі ақшаның қалдығы
2018 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 707324124 мың теңгені құрады.

 

2-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан

Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару жөніндегі
2018 жылғы қызметі туралы есеп

 

«Делойт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген Ұлттық қоры аудитінің нәтижелері бойынша қаржылық есептілік дұрыс деп танылды және Ұлттық қордың қаржылық жағдайының халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келетінін көрсетеді.

2018 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Ұлттық қордың кредиторлық берешегі мен есептелген төленбеген шығыстарының жалпы сомасы 10765606 мың теңгені құрады, оның ішінде:

1) Ұлттық қорға көрсетілген қызметтер үшін теңгедегі кредиторлық берешек – 9326308 мың теңге, оның ішінде:

8605666 мың теңге – активтерді басқару үшін комиссия, оның ішінде:

5536654 мың теңге – сыртқы басқарушылардың көрсететін қызметтері үшін комиссия;

3069012 мың теңге – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің комиссиялық сыйақысы;

720642 мың теңге – өзге де есептелген шығыстар, оның ішінде:

694561 мың теңге – кастодиандық қызметтер көрсеткені үшін;

26000 мың теңге – Ұлттық қордың сыртқы аудитін жүргізу жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін;

81 мың теңге – теңгеге номиналданған бағалы қағаздарды есепке алу және сақтау бойынша «Бағалы қағаздарды бірыңғай тіркеуші» акционерлік қоғамы көрсеткен қызметтер үшін;

2) 1439298 мың теңге – сатып алынған қаржы құралдары бойынша кредиторлық берешек.

 

 

1-нысан

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының

активтері мен міндеттемелері туралы есеп (мың теңге)

Баптардың атауы

2018 жылғы 31 желтоқсан

2017 жылғы

31 желтоқсан

Активтер

Ақша қаражаты және оның баламасы

2222095636

875369817

Туынды қаржы құралдарын қоспағанда, пайда немесе зиян арқылы әділ құны бойынша ескерілетін қаржы құралдары:

- Ұлттық қордың меншігінде тұрған

20730071751

18843895870

- РЕПО мәмілелері бойынша кепіл ауыртпалығы бар

-

-                          

Өтеу мерзіміне дейін ұсталатын инвестициялар

696927994

803202749

Туынды қаржы құралдары

8567587

5366486

Дебиторлық берешек

34743214

2501930

Активтер жиыны

23692406182

20530336852

Міндеттемелер

Туынды қаржы құралдары

7799716

2425449

РЕПО мәмілелері бойынша кредиторлық берешек

 -

-

Кредиторлық берешек және есептелген шығыстар

10765606

15797681

Міндеттемелер жиыны

18565322

18223130

Таза активтер

23673840860

20512113722

 

2018 жылғы 31 желтоқсанға Ұлттық қордың дебиторлық берешегінің жалпы сомасы 34743214 мың теңгені құрады, оның ішінде:

- 34059180 мың теңге – қаржы құралдары бойынша швед кронасымен өтеу сомалары;

- 684034 мың теңге – инвестициялық операциялар бойынша шетел валютасындағы дебиторлық берешек.

 

 

2-нысан

 

Ұлттық қордың жиынтық

кірісі туралы есеп (мың теңге)

 

Баптардың атауы

2018 жылы

2017 жылы

Кірістер

Сыйақы түріндегі кірістер

   310005900

     276992578

Дивидендтер түріндегі кірістер

     97241463

        78551737

Форвардтық валюталық келісімшарттарды
қоспағанда, пайда немесе зиян арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын қаржы құралдарынан түскен таза кіріс/(зиян)

(819144323)

415943927

Форвардтық валюталық келісімшарттардан түскен таза кіріс/(зиян)

(530625)

7688455

Шетел валютасымен операциялардан түскен таза кіріс/(зиян)

(127884846)

  733984234

Кірістердің жиыны

(540312431)

1513160931

Шығыстар

 

 

Активтерді басқарғаны үшін комиссиялар

(11373681)

(14428090)

Кастодиандық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстар

(999414)

(890109)

Аудиторлық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстар

(26000)

(26000)

Кәсіби көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстар

-

-

Бағдарламалық өнімдерді және ақпараттық дерекқорды пайдаланғаны үшін ақы төлеу бойынша шығыстар

 (15142)

(46)

Шығыстардың жиыны

 (12414237)

(15344245)

Таза пайда/(зиян)

(552726668)

1497816686

Басқа да жиынтық кіріс/(шығын)

 

 

Қайта санау кезіндегі бағамдық айырма

3062628148

(84160764)

Басқа да жиынтық кіріс/(шығын)

3062628148

  (84160764)

Кезең ішіндегі жиынтық кірістің/(шығынның) барлығы

2509901480

 1413655922

 

 

Ұлттық қорды сенімгерлік басқарудың қорытындысы бойынша
2018 жылғы негізгі көрсеткіштер:

1) басқару нәтижелері бойынша шығындар 540312431 мың теңгені;

2) басқарудан болатын шығыстар 12414237 мың теңгені;

3) теңгеге қайта бағалау (қайта есептеу) бойынша оң айырма 3062628148 мың теңгені құрады.

Осылайша, 2018 жылы таза шығын 552726668 мың теңгені, Ұлттық қорды басқарудан болатын шығыстарды шегергенге дейінгі жалпы жиынтық кіріс 2522315717 мың теңгені, Ұлттық қорды басқарудан болатын шығыстарды шегергеннен кейінгі жалпы жиынтық кіріс 2509901480 мың теңгені құрады.

Ұлттық қордың жаһандық кастодианының деректері бойынша 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде базалық валюта – АҚШ долларымен есептелген инвестициялық шығын (іске асырылған және іске асырылмаған) қалыптасты, ол 1431379 мың АҚШ долларын құрады. Мәмілелер жасауға арналған шығындарды ескере отырып, түзетілген инвестициялық шығыс Ұлттық қордың жаһандық кастодианының деректері бойынша сол кезең ішінде 1432546 мың АҚШ долларын құрады.

Ұлттық қордың шотынан 2018 жылдың ішінде Ұлттық қорды басқаруға байланысты жалпы сомасы 18074427 мың теңгеге мынадай шығыстар төленді:

1) 14627582 мың теңге – Ұлттық қор активтерін сенімгерлік басқарғаны үшін Ұлттық Банктің комиссиялық сыйақысы, оның ішінде 2018 жылы көрсетілген қызметтер үшін 5524668 мың теңге және өткен жылдарда көрсетілген қызметтер үшін 9102914 мың теңге;

2) 2761451 мың теңге – Ұлттық қорды сенімгерлік басқару жөніндегі сыртқы басқарушыларға өткен жылдарда көрсетілген қызметтер үшін комиссиялық сыйақы;

3) 644333 мың теңге – Ұлттық қордың кастодианы көрсететін қызметтер үшін, оның ішінде 2018 жылы көрсетілген қызметтер үшін 322940 мың теңге және өткен жылдарда көрсетілген қызметтер үшін 321393 мың теңге;

4) 26000 мың теңге – Ұлттық қорға аудит жүргізу бойынша өткен жылдарда көрсетілген қызметтер үшін;

5) 15059 мың теңге – 2018 жылы «Morgan Stanley» компаниясы көрсеткен ақпараттық қызметтер үшін;

6) 2 мың теңге – теңгеге номиналданған бағалы қағаздарды есепке алу және сақтау бойынша «Бағалы қағаздарды бірыңғай тіркеуші» АҚ 2018 жылы көрсеткен қызметтер үшін.

Ұлттық қорды басқару бойынша есептелген шығыстардың жалпы сомасы 2018 жылғы 31 желтоқсанға 12414237 мың теңгені құрады, ол мынадай сомадан тұрады:

1) 8534222 мың теңге – Ұлттық қордың активтерін сенімгерлік басқарғаны үшін Ұлттық Банктің комиссиялық сыйақысы;

2) 2839459 мың теңге – Ұлттық қордың сыртқы басқарушыларының көрсетілген қызметтері үшін;

3) 999414 мың теңге – Ұлттық қордың кастодианы көрсеткен қызметтер үшін;

4) 26000 мың теңге – Ұлттық қорға аудит бойынша көрсетілген қызметтер үшін;

5) 15059 мың теңге – «Morgan Stanley» компаниясы көрсеткен ақпараттық қызметтер үшін;

6) 83 мың теңге – теңгеге номиналданған қағаздарды есепке алу және сақтау бойынша «Бағалы қағаздарды бірыңғай тіркеуші» АҚ көрсеткен қызметтер үшін.

 

3-нысан

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ақша қаражатының
 қозғалысы туралы есеп (мың теңге)

 

Баптардың атауы

2018 жылы

2017 жылы

Операциялық қызметтен түскен ақша қаражатының қозғалысы:

 

Таза пайда/(зиян)

(552726668)

1497816686  

Түзетулер:

 

 

Қазақстандық мемлекеттік компаниялардың облигациялары бойынша (дисконттың)/сыйлықтың амортизациясы

 (37067111)

 (36261433)

РЕПО мәмілелері бойынша сыйақы түріндегі шығыстар

-

 -

Өзгерістері кезең ішіндегі пайда немесе зиян құрамында көрсетілетін әділ құны бойынша есепке алынатын қаржы құралдарынан іске асырылмаған (кіріс)/зиян

123868200

 (278570124)

Операциялық қызметтен түскен ақшалай қаражаттың операциялық активтер мен міндеттемелердегі өзгерістерге дейінгі қозғалысы

(465925579)

1182985129

Операциялық активтердің (ұлғаюы)/азаюы:

 

 

Туынды қаржы құралдарынан басқа, пайда немесе зиян арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын қаржы құралдары 

1052436573

1056487870

Туынды қаржы құралдары

(3201101)

 17113266

Дебиторлық берешек

(32241284)

(2408479)

Операциялық міндеттемелердің ұлғаюы/(азаюы):

 

 

Туынды қаржы құралдары

5374267

  (12619248)

РЕПО мәмілелері бойынша кредиторлық берешек

 

Кредиторлық берешек және есептелген шығыстар

(5032075)

(157871348)

Операциялық қызметтен (қызметке) ақша қаражатының таза түсуі/(пайдаланылуы)

551410801

2083687190

Инвестициялық қызметтен түскен ақша қаражатының қозғалысы:

 

 

Қазақстандық мемлекеттік компаниялардың облигацияларын (сатып алу)/сату немесе өтеу

143489360

 98868438

Инвестициялық қызметтен (қызметке) ақша қаражатының таза түсуі/(пайдаланылуы)

143489360

  98868438

Қаржы қызметінен түскен ақша қаражатының қозғалысы:

 

 

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінен түскен түсімдер

3233271993

2050812299

Республикалық бюджетке аударымдар

(2600000000)

(4414317413)

Басқа да аударымдар

18553665

 71409241

Қаржы қызметінен (қызметіне) ақша қаражатының таза түсуі/(пайдаланылуы)

651825658

(2292095873)

Ақша қаражаты және оның баламаларының таза ұлғаюы/(азаюы)

 1346725819

(109540245)

Кезең басындағы ақша қаражаты және оның баламалары

875369817

984910062

Кезең соңындағы ақша қаражаты және оның баламалары

2222095636

875369817


                   4-нысан

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының

таза активтеріндегі өзгерістер туралы есеп (мың теңге)

Түсімдер

Аударымдар

Таза пайда/ (шығын)

Валютаны қайта бағалау бойынша резерв

Барлығы

 

2016 жылғы 31 желтоқсанға қалдық

24693551323

(17363855282)

760708314

13300149318

21390553673

 

Таза пайда/(шығын)

1497816686

1497816686

 

Өзге жиынтық кіріс

 

Кейіннен пайда немесе шығын құрамына қайта жіктелмейтін баптар:

 

Валютаны қайта бағалаудың таза активтердің бастапқы сальдосына әсері

(61612804)

(61612804)

 

Валютаны қайта бағалаудың таза пайдаға/ (шығынға) әсері және басқа да қозғалыстар

(22547960)

(22547960)

 

Кейіннен пайда немесе шығын құрамында қайта жіктелмейтін баптардың барлығы:

  (84160764)

(84160764)

 

Кезеңдегі өзге де жиынтық кірістің барлығы

 

 

1497816686

 (84160764)

 1413655922

 

Тікелей таза активтердің құрамында көрсетілген меншік иелерімен жасалған операциялар

 

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінен түскен түсімдер

2050812299

2050812299  

 

Республикалық бюджетке аударымдар

(4414317413)

(4414317413)

 

Өзге де аударымдар

 71409241

71409241

 

Тікелей таза активтердің құрамында көрсетілген меншік иелерімен операциялардың барлығы

2050812299

    (4342908172)

 

 

  (2292095873)

 

2017 жылғы 31 желтоқсанға қалдық

26744363622

(21706763454)

2258525000

13215988554

20512113722

 

Таза пайда/(шығын)

(552726668)

(552726668)

 

Өзге де жиынтық кіріс

 

Кейіннен пайда немесе шығын құрамында қайта жіктелмейтін баптар:

 

Валютаны қайта бағалаудың таза активтердің бастапқы сальдосына әсері

3201526611

 3201526611

 

Валютаны қайта бағалаудың таза пайдаға/(шығын) әсері және өзге де ауыстырулар

 (138898463)

(138898463)

 

Кейіннен пайда немесе шығын құрамында қайта жіктелмейтін баптардың барлығы:

 3062628148

 3062628148

 

Кезеңдегі өзге де жиынтық кірістің барлығы

 

 

(552726668)

3062628148

2509901480

 

Тікелей таза активтердің құрамында көрсетілген меншік иелерімен операциялар

 

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінен түскен түсімдер

3233271993

3233271993

 

Республикалық бюджетке аударымдар

 

(2600000000)

(2600000000)

 

Өзге де аударымдар

 

18553665

 

 

18553665

 

Тікелей таза активтердің құрамында көрсетілген меншік иелерімен операциялардың барлығы

3233271993

 (2581446335)

 

 

651825658

 

2018 жылғы 31 желтоқсанға қалдық

29977635615

(24288209789)

1705798332

16278616702

23673840860

 


Ұлттық қордың таза активтері 2018 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 23673840860 мың теңгені құрады (аудиттелген қаржылық есептілікке сәйкес есептеу әдісімен), 15,4 %-ға өсу байқалады.

 

 

3-тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын

басқару жөніндегі 2018 жылғы өзге де деректер

 

Ұлттық қордың активтерін бөлу құрылымы мынадай түрде болды. Ұлттық қордың валюталық портфелінің және қазақстандық эмитенттер облигацияларының теңгелік портфелінің, сондай-ақ 2018 жылғы
31 желтоқсанға теңгелік шоттағы қалдықтың жиынтық нарықтық құны 61642808872 АҚШ долларына тең болды, оның ішінде валюта портфелі – 57987805960 АҚШ долларына (94,07 %), облигациялардың теңгелік портфелі – 1813971874 АҚШ долларына баламалы (2,94 %), теңгелік шоттағы қалдық – 1841031037 АҚШ доллары (2,99 %).
Ұлттық қордың валюталық портфелінің құрамындағы тұрақтандыру және жинақтау портфелінің нарықтық құны тиісінше 9170456628 АҚШ долларын (15,82 %) және 48817349332
(84,18 %) АҚШ долларын құрады.

Ұлттық қордың валюталық портфелінің құрамына кіретін бағалы қағаздардың және басқа да қаржы құралдарының нарықтық құны жаһандық кастодиан деректеріне негізделеді.

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының

валюталық активтерін бөлу құрылымы

 

Атауы

Барлығы

Мандат түрі

USD-мен нарықтық құны

%

Тіркелген кірісі бар бағалы қағаздар

37425525936

64,54

Ақша нарығы

9170456628

15,81

Акциялар

10344453688

17,84

Жаһандық тактикалық бөлу

1047369708

1,81

БАРЛЫҒЫ

57987805960

100,0

 

Тұрақтандыру портфелінің активтерін бөлу серпіні

 

Активтер сыныбы

2015

2016

2017

2018

Ақша және ақша нарығының құралдары

83,18 %

68,15 %

77,58 %

87,11 %

Тіркелген кірісі бар бағалы қағаздар

16,82 %

31,85 %

22,42 %

12,89 %

Тұрақтандыру портфелінің барлығы

100,00 %

100,00 %

100,00 %

100,00 %

 

Есепті кезеңнің соңында тұрақтандыру портфелінің құрамындағы эталондық индекске кіретін елдердің қолма-қол валютасы мен МБҚ үлесі тұрақтандыру портфелі көлемінің шамамен 70,59 %-ына тең болды.

 

 

Жинақтау портфелінің активтерін бөлу серпіні

 

Активтер сыныбы

2015

2016

2017

2018

Тіркелген кірісі бар бағалы қағаздар

78,97 %

77,23 %

75,06 %

71,79 %

Акциялар

19,91 %

21,19 %

23,49 %

20,96 %

Ақша және ақша нарығының құралдары

1,12 %

1,58 %

1,45 %

7,24 %

Жинақтау портфелінің барлығы

100,00 %

100,00 %

100,00 %

100,00 %

 

2018 жылғы 31 желтоқсанға елдік қатынаста Ұлттық қордың жинақтау портфелінің активтерін бөлуде ең көп үлес мыналарға тиесілі: АҚШ (45,88 %), Еуроаймақ елдері (15,71 %), Ұлыбритания (7,77 %), Жапония (7,61 %), Канада (5,97 %), Оңтүстік Корея (5,99 %), Аустралия (4,79 %) және басқа елдер
(6,31 %).

2018 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қордың кірістілігі (-)2,64 %-ды құрады.

2018 жылы Ұлттық қордың валюталық активтерімен инвестициялық операцияларды жүзеге асыру нәтижесінде алынған инвестициялық кіріс (-)1431 млн АҚШ долларын құрады.

Құрылғаннан бастап 2018 жылғы 31 желтоқсан аралығында Ұлттық қордың кірістілігі 76,07 %-ды құрады, бұл жылдық мәнде 3,27 %-ды құрайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының

тарихи кірістілігі (АҚШ доллары)

 

 

Ұлттық қордың таза активтері мынадай санаттар (инвестициялық портфель түрлері) бойынша жіктелген:

1) тұрақтандыру портфелі;

2) жинақтау портфелі:

тіркелген кірісі бар бағалы қағаздар портфелі;

акциялар портфелі;

активтерді тактикалық бөлу портфелі.

Инвестициялық стратегияға сәйкес Ұлттық қор активтерінің әрбір сыныбы эталондық портфельге (индекске) қатысты басқарылады, оның негізінде олардың кірістілігі бағаланады. Эталондық портфельдер (индекстер) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысымен бекітілген Ұлттық қордың инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларында айқындалған.

Тұрақтандыру портфелінің кірістілігі 2018 жылғы 1 қаңтар –
31 желтоқсан аралығында 1,94 %-ды құрады, осы кезеңде эталондық портфельдің (Merrill Lynch 6-month US Treasury Bill Index) кірістілігі 1,92 %-ды құрады. Осылайша, тұрақтандыру портфелінің активтерін басқару нәтижесінде
2018 жылы оң үстеме кірістілік алынды, ол 0,02 %-ды құрады.

Жинақтау портфелінің кірістілігі 2018 жылғы 1 қаңтар – 31 желтоқсан аралығында (-)3,13 %-ды құрады.

«Жарандық облигациялар» қосалқы портфелін басқарудың кірістілігі
2018 жылдың басынан бастап 31 желтоқсан аралығында (-)0,96 %-ды құрады. Осы қосалқы портфельдің эталондық портфелінің кірістілігі (-)1,01 %-ды  құрады. Осылайша, мандаттың осы түрін басқару нәтижесінде алынған үстеме кірістілік 0,04 %-ды құрады. 2018 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша мандаттың осы түрі бойынша басқаруды 8 сыртқы  басқарушы және Ұлттық Банк жүзеге асырды.

«Жарандық акциялар» мандатының түрі бойынша активтерді басқарудан түскен кірістілік (-)10,13 %-ды құрады, ал бенчмарк кірістілігі (-)8,21 %-ды  құрады.

Осылайша, мандаттың осы түрін басқару нәтижесінде алынған үстеме кірістілік (-)1,93 %-ды құрады.

«Активтерді жарандық тактикалық бөлу» мандатының түрі бойынша жинақтау портфелінің активтерін басқарудан түскен кірістілік (-)3,32 %-ды құрады, ал бенчмарк кірістілігі (-)2,29  %-ды құрады. Осылайша, мандаттың осы түрі бойынша жинақтау портфелінің активтерін басқару нәтижесінде эталондық портфельге қатысты үстеме кірістілік (-)1,03 %-ды құрады.

 

 

2018 жылғы жинақтау портфелінің кірістілігі

 

 

2018 жылғы тұрақтандыру портфелінің кірістілігі

 

 

 

 

 

Ұлттық қорды басқару бойынша 2018 жылы жүргізілген іс-шаралар туралы қосымша ақпарат.

2018 жылы Ұлттық Банк Ұлттық қордың активтерін басқаруды жетілдіру бойынша жұмысты жалғастырды. Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасына сәйкес акцияларда 35 % үлесі бар жинақтау портфелінің активтерін стратегиялық бөлуге 3-5 жыл ішінде қол жеткізілуге  тиіс. Айталық, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 30 мамырдағы № 126 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы
Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау қағидаларының 18-тармағына сәйкес және жинақтау портфеліндегі акциялардың үлесін одан әрі ұлғайту мақсатында есепті кезеңде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 46 қаулысымен «Жарандық акциялар» белсенді мандаты бойынша Ұлттық қордың активтерін сыртқы басқарушылар ретінде 5 компания бекітілді.

Тоқтатып қойылған активтер бойынша тәуекелді тиімді басқару мақсатында және 2018 жыл бойы сыртқы басқарушылармен мәмілелер жасасудың мүмкін болмағанына байланысты Ұлттық Банк тиісті портфельдердің тәуекел-бейіндерін қолжетімді құралдармен, атап айтқанда, сыртқы басқарушылардың нарық пайымына сәйкес валюталық позицияны және дюрацияны бақылау үшін фьючерстерді пайдалана отырып басқаруды қамтамасыз ету туралы шешім қабылдады.

2018 жылғы 23 қаңтарда Амстердам қаласының округтік соты қазақстандық тараптың пайдасына шешім қабылдады және 22 млрд АҚШ долларынан жоғары мөлшердегі Ұлттық қор активтеріне салынған тыйымды алып тастады. Кейіннен, 2018 жылғы 25 мамырда Брюссельдегі бірінші инстанция соты Ұлттық қордың шамамен 21,5 млрд АҚШ долларына жуық сомадағы активтерінен алдын ала тыйым салуды алып тастап, уақытша тыйым салу Статидің талап етуі мен шығындарының сомасымен, атап айтқанда 530 млн АҚШ долларымен шектелуге тиіс деп ұйғарды. Бұдан басқа, бельгиялық сот қалған соманы тоқтатып қою үшін негіздің бар-жоғы туралы мәселені ағылшын соттары ғана шешуге тиіс деп ұйғарды. Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен бірлесіп, тоқтатып қойылған қаражаттың қалған бөлігінен тыйым салуды алып тастау үшін тиісті
іс-қимылдарды жалғастыруда.

Ұлттық Банк Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 256 қаулысымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізілді. Негізгі өзгерістер портфель жасауға және активтерді экспорттағы мұнай үлесінің мөлшерде 80 %-дан асатын дамушы елдердің мемлекеттік облигацияларына, сондай-ақ корпоративтік облигацияларға инвестициялауға қатысты болды.

Ұлттық қордың мақсаттары мен міндеттерін халық арасында түсіндіру бойынша жүйелі жұмыс жүргізу шеңберінде 2016 жылғы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы есеп және сыртқы аудитті жүргізу нәтижелері туралы ақпарат 2017 жылғы 23 маусымда «Казахстанская правда» № 119 (100771) газетінде жарияланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің веб-сайтында орналастырылды.

Ұлттық қордың қызметі туралы қажетті ақпарат, есептер, Ұлттық қордың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің веб-сайтында (www.minfin.gov.kz) орналастырылған.