Print previewPrint

2018 жылы Қазақстанда «Постфактум» кедендік тазарту режимін енгізеді

8/9/2017

СЭҚҚ жекелеген санаттары кедендік декларацияны бергенге дейін тауарды шығара алады

Аталған жаңашылдық 40 қадам Ұлт жоспары - 100 нақты қадамды іске асыру аясында Еуразиялық экономикалық одағының Кеден кодексі туралы шарт күшіне енуімен бірге (2018 жылғы 1 қаңтар) енгізілетін болады.

Тауарлар тізімін, сонымен қатар уәкілетті экономикалық операторлар мәртебесіндегі сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың тізбесі қатысты кедендік декларацияны ұсынғанға дейін  тауарларды шығару мүмкіндігі бөлігіндегі сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар санаттарының тізбесін кеңейту жоспарланған еді.

Жекелей алғанда, бұл тауарлар кеден аумағында өңдеу, еркін қойма, еркін кеден аймағы кедендік рәсімдерге орналастырылған тауарлар сонымен қатар, инвестициялық преференциялар көзделген тауарлар.

Тиісті түзетулер ЕАЭО Кедендік кодексіне енгізілген болатын, осыған байланысты Еуразиялық экономикалық одағына мүше - мемлекеттерде аталған құжатты ратификациялау рәсімі басталды.

ЕАЭО Кеден кодексінің ережелерін орындау мақсатында ұлттық заңнамада «Постфактум» кедендік тазарту режимінің ережесін нақтылайтын «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің жобасы әзірленуде (40-қадам).

Ұлттық кеден кодексінің және ЕАЭО Кеден кодексінің жобасы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап бір уақытта күшіне енеді деп күтілуде.

Тауарлар тізбесін кеңейту және СЭҚҚ жекелеген санаттарына кедендік декларацияны бергенге дейін тауарды шығару мүмкіндігін ұсыну нәтижесінде кедендік тазарту рәсімін оңайлатады, бұл өз кезегінде Қазақстанның халықаралық рейтингтегі позициясына оң әсер етеді.