Print previewPrint

Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеу мен ҰБТ-ға қатысу мүмкіндігінің байланысы туралы ақпаратты жоққа шығарды

10/10/2019

2019 жылдың 9 қазанында желіде жеке меншік бойынша салық берешегі бар азаматтардың балалары ҰБТ-ға қатыса алмайды деген ақпарат тараған болатын.

Мемлекеттік кірістер комитеті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлайды.

         Мүлік, жер, көлік салықтарын төлеу міндеті ҚР Салық кодексінде бекітілген. Алайда, аталған құжатта салық берешегі бар азаматтардың туыстары мен жақындарының емтиханға, мемлекеттік бағдарламаларға және т.б.с.с. қатысуға шектеу қою бойынша норма жоқ.

Қолданыстағы ҚР Салық заңнамасында айыппұл есептеу шаралары көрсетілмеген. Тек салықты уақытылы төлемеген жағдайда өткізілген әр күнге өсімпұл есептеледі.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың аяғына дейін жеке тұлғаларға арналған салықтық рақымшылық үрдісі жүруде. Оның ережелеріне сәйкес, жеке тұлға берешегінің негізгі сомасын өтеген жағдайда өсімпұл автоматты түрде есептен шығарылады.

Салық төлеушілер борыштарының бар-жоғын Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында мына сілтеме бойынша http://kgd.gov.kz/ru/app/culs-taxarrear-search-web тексере алады.