Print previewPrint

Еліміздің қаржыгерлері өз арасында ҚР Қаржы министрінің кубогін ойнады

11/13/2017

Қаржы министрлігі қызметкерлерінің арасында Ұлттық валюта күнінің құрметіне шағын-футболдан турнир өтті.

 

Жылына бір рет Қаржы министрлігінің қызметкерлері костюмдері мен галстуктерін бутсы мен спорттық нысандарға ауыстырды.

Футбол алаңында біріншілік үшін ҚР ҚМ орталық аппаратының, Мемлекеттік кірістер, Қазынашылық, мемлекеттік мүлік және жекешелендіру, қаржылық бақылау, мемлекеттік сатып алу, қаржы мониторингі комитеттерінің, «Оңалту және активтерді басқару компаниясы» АҚ мен Электрондық коммерция орталығының командалары додаға түсті.

Қаржы министрлігінің ұжымы осындай футбол жарыстарында бірінші рет қатысып отырмағанын атап өтеміз. Мемлекеттік сатып алу комитетінің басқарма басшысы Арыспаев Берлібай айтқандай, мұндай турнирлер қаржыгерлер арасында Министрлік басшылығының қолдауымен жыл сайын өткізіліп тұрады. «Ел Президенті Н. Назарбаев бұқаралық спортты белсенді түрде дамытуды тапсырды, және өткізіліп отырған спорттық іс-шаралар осы тапсырманы іске асыруға ықпал етеді. Турнирге қатысу – бұл достық қарым-қатынас орнайтын өзара ресми емес араласу түрлерінің бірі». Айта кетсек, командада Б. Арыспаев – жас жағынан ойыншылардың ішінде үлкендердің бірі, дегенмен ол үнемі алаңға шығады, және, оның айтуынша, «футбол оған өмір сүруге және жұмыс істеуге көмектеседі».

Ауа-райының күзгі салқынына қарамастан, футбол алаңында тартыс қызу болды. Нәтижесінде жеңісті Мемлекеттік кірістер комитетінің спортшылары өз қарсыластарынан «жұлып әкетті», Қаржы министрлігінің орталық аппаратының футболшылары да аянбай, сәл жетпей қалғанын айта кеткен жөн, ал үшінші орын Қаржы мониторингі комитетінің командасына бұйырды.