Print previewPrint

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатында өтетін Дөңгелек үстелде оқылатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрі Б. Сұлтановтың «Мемлекеттің салық саясаты мен салықтық әкімшілендіруді жетілдірудің өзекті мәселелері» тақырыбындағы баяндамасы

5/18/2017

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатында өтетін Дөңгелек үстелде оқылатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрі Б. Сұлтановтың «Мемлекеттің салық саясаты мен салықтық әкімшілендіруді жетілдірудің өзекті мәселелері» тақырыбындағы баяндамасы

Мемлекеттің салық саясаты мен салықтық әкімшілендіруді жетілдірудің өзекті мәселелері

Құрметті Рашит Сайранұлы!

Құрметті Сенат депутаттары!

 

Ең алдымен Сіздерге бүгінгі дөңгелек үстелге шақырып, салықтық әкімшілендіруді жетілдіру бойынша Біздің министрліктің жоспарларымен таныстырып, баяндама жасауға мүмкіндік бергендеріңіз үшін үлкен алғысымды білдіремін.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері экономикалық жаңғырудың екі сатысын артта қалдырып, «Үшінші жаңғыруға» аяқ басып отыр. Өткен жылдардағы анық іс-әрекеттердің арқасында, еліміздің Жалпы ішкі өнімі 2000-2014 жылдар аралығында, 2 000 АҚШ доллары көлемінен 14 000 АҚШ долларына дейін жетті. Бұл көрсеткіш әрине Қазақстан халқының әлеуетінің бірнеше мәрте жақсарғандығының айқын белгісі. Елбасымыздың қойып отырған тапсырмасы, осы межеде тоқтамай экономикамызды алға жылжыту жолында бизнес ортаға қолайлы  жағдай туғыза отырып, салықтық түсімдерді көбейту  қажет.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау кезінде Қаржы Министрлігі  мемлекет  пен  бизнестің  ортасында  таразы  секілді.  Нақтырақ  айтқанда  таразының  бір  жағында  бизнеске  қолайлы  жағдай  туғызу  тұрса,  екінші  жағында  мемлекеттік  бюджет  кірістерін  ұлғайту  мәселесі  тұр.  Президенттің  жолдаулары  сол  таразыны  тепе-теңдікте ұстауға бағыт-бағдар береді.

Құрметті депутаттар, аталған тепе-теңдікті табуда, мен өз баяндамамды үш негізгі басымдықтармен көрсеткім келеді:

1.    Мемлекеттік қаржы жүйесін жаңғырту 3.0

2.    Әкімшілендірудің жаңа тәсілдері

3.    Тұтынушыларға бағдарланған тәсілді дамыту

 

І. Мемлекеттік қаржы жүйесін жаңғырту 3.0

 Мемлекеттік басшысының «Жаңғырту 3.0»-атты жолдауын орындау мақсатында Қаржы министрлігі Мемлекеттік-Жекешелік әріптестік элементтерімен жаңа бюджеттендіру және цифровизациялау арқылы  мемлекеттік қаржы жүйесінің жаңа моделін енгізуді жоспарлауда.

Жаңартулардың нәтижесінде 2025 жылы шоғырландырылған бюджет табыстары ЖІӨ-дан  25%-ға өседі (инерциалдық моделі бойынша барлығы ЖІӨ-дан  19%-ға). 2019 жылдан бастап салықтық түсімдер ЖІӨ өсу қарқынынан озып 3 есе өседі. 

2020 жылда мемлекеттік шығынтарды қаржыландыруына Ұлттық қордан алынатын трансферт үлесін жоспарлы түрде төмендетеміз.

2025 жылға дейінгі Ұлттық қордан алымдардың төмендетілген көлемін одан әрі ұстап қалу, бүгінгі төмен баға жағдайында болсада біздің жаңа стратегиялық  қорлардың өсуіне көшуге мүмкіндік береді.

Алайда, бұдан әрі даму мақсатында біз жоғары салықтық қайтарымды сақтап, бизнес үшін қолайлы жағдай жасауға міндеттіміз.

Экономиканың дамуына және өсуіне Үкімет тарапынан бірқатар шаралар жасау жоспарланған. Өз ретінде бұл салықтық базасын кеңейту және бюджет түсімдерін арттыру.

Нақтылап айтқанда, келесі кіші жобалардан тұратын   қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету бағыты бойынша жоба іске асырылуда:

- мемлекет пен бизнестің серіктестігі;

- салықтық жеңілдіктерді оңтайландыру;

- кедендік әкімшілендіруді жетілдіру;

- көлеңкелі экономиканы қысқарту;

- ақпараттық технологияларды  жаңғырту.

Қойылған мақсаттарға жету үшін G2B  (бизнеске арналған мемлекет) қағидаттарында құрылған бастамаларды іске асыру көзделген.

Осы мақсаттардың шеңберінде тексерістерді трансформациялау, өзін-өзі реттейтін ұйымдар институтын дамыту, тиімсіз жеңілдіктерді жою, арнайы салықтық режимдерді реформалау, салықтық есепті цифровизациялау, жаһандық мәліметтерімен алмасу, кірістерді әкімшілендірудің жаңа амалдарын және т.б. енгізу қарастырылған. 

Біз алдымызға өршіл мақсаттарды қойып және оған қол жеткізудің нақты өлшемдер белгіледік. Нәтижелерін ағымдағы жұмыста атап өтуге болатын нақты шаралар пысықталуда.

Ақпараттандыру жобасы, нақтырап айта кетсем «Электронды шот-фактуралар» Ақпараттық жүйесіныі дамуы, қазіргі таңда өз жемістерін беріп отыр.

Бүгінгі күні кәсіпкерлердің көпшілігі ақпараттық жүйені қолданудың артықшылықтарына көз жеткізгені арқылы шот-фактураларды электронды форматта ресімдейді. 

ІІ. Әкімшілендірудің жаңа тәсілдері

 

Салық түсімдерін жинаудың тиімділігін арттыруда, әкімшілендірудің кеш жүргізілуі кері әсер етіп келді. Яғни, салықтық есеп беру уақытының ұзақтығы, заң бұзушылықтарды анықтауды тежеп келеді

 

Мысалы, заң бұзушылық фактісі 15-ші қаңтарда тіркелген болса, біз бұл жөнінде тек 15-ші мамырда ғана біле аламыз. Яғни, қадағалап, одан арғы заң шеңберіндегі іс-әрекет жасау 4 айдан кейін ғана мүмкін болады.

Әкімшілендіру принципі- күмәнді мәмілелер мен операцияларды орындалу кезінде тоқтатуға мүмкіндік береді. Біз осы бағытта Электронды шот фактуралардың дұрыстығы мен заңдылығын автоматты түрде онлайн режимінде бақылауға жағдай жасау үшін жұмыстар атқарып жатырмыз. Егер де осы жүйені жұмысымызға енгізсек, әрине, салықтан жалтару мен жалған кәсіпкерлік элементтері бірнеше есе азайып, болашақта мүлдем болғызбауға мүмкіндік туады, деп нық сеніммен айта аламыз.

Айрықша атап өтетін мәселе, Электронды шот фактура ақпараттық жүйесі, кедендік және салықтық әкімшілендірудің ақпараттық ресурстарының біріктірілуінің арқасында қол жеткізіліп отыр.

       Салықтық және кедендік ақпарат жүйелерін интеграциялаудың келесі қадамы (Ұлт жоспарының 39-шы қадамы), бұл-тауарды есепке алу мен қадағалауға мүмкіндік беретін Электронды шот фактура ақпараттық жүйесі базасында тіркелген «Виртуалды қойма» модулін дамыту процесі.

Кедендік декларацияға байланған жүйеде, барлық келесі тізбектегі іс-әрекеттерді вертикалды айқын мониторинг жасап, қадағалауға жағдай жасайды. Нақтырақ айтқанда тауарды шекарадан кіргеннен, мемлекет ішіндегі жеткізу мен тарату жолдарын ашық көруге мүмкіндік туады.

Бизнес өкілдеріне Электронды шот фактура ақпараттық жүйесін пайдалану, қосымша жеңілдіктер әкеледі. Жаңа Салық кодексінде төмендегідей артықшылықтар көзделіп отыр:

қосымша құн салығының қайтарылу уақытын 30 жұмыс күніне дейін қысқарту;

бақылауды оңтайландыру, яғни қарсы тексерістер мен камералды бақылау рәсімдерін қысқарту;

салық төлеушілердің уақытын үнемдеу үшін, кейбір салықтық есеп беру формаларын қысқарту немесе электронды түрге көшіру.

Ақпараттандыру салықтық тексерулер санының қысқаруына алып келеді. Биылғы жылы осындай тексерулер саны 37,5% қысқарады. Сонымен қатар заңнамалық деңгейде салықтық тексеруге негіздер саны 56% қысқарып, 32-ден 14 негіз қалады.

Сондықтан тексерушілердің де саны азаяды. Алдағы уақытта тексерушілер санын 611-ге қысқарту бойынша шешім қабылданып отыр.

G2B функционалын толық жүзеге асыру үшін, Қаржы министрлігі басқа да мемлекеттік органдармен және ұйымдармен ақпарат алмасу әлеуетін одан әрі кеңейту мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр.

Қазіргі уақытта, мәліметтер базасын жаңарту бағытында, Ақмола облысының Целиноград ауданының негізінде пилоттық жоба жүргізіліп, Жол картасы жасақталды. Мәліметтер базасын жаңарту жұмыстарын толық жүзеге асыру 2018 жылдың желтоқсан айында аяқталады деп жоспарлануда.

Осылармен қатар, мемлекеттік мәліметтер базасы мен жеке тұлғалардың табыстарына салық салудың Оңтүстік Корей елінің тәжірибесі зерттеліп жатыр. Осыған байланысты «Мемлекеттік органдардың мәліметін салық салу үшін беру туралы» заңы және де «Жеке мәліметтерді қорғау туралы» заңының Қазақстан Республикасында қолданылуын қарастырып жатырмыз.

Барлық заңнамалық өзгерістер, жарамды ақпараттық жүйелердің дайындалуынсыз мүмкін болмайды. Кірістерді әкімшілендіру мақсатында 2020-шы жылға дейін 5 жаңа ақпараттық жүйелер іске қосылады.

Осымен қатар айтып кететін бір жәйт, ол ғылыми-техникалық прогрестің шапшаң дамуының нәтижесінде кейбір ақпараттық жүйелер жобалау сатысында ескіріп жатады. Сондықтан, Қаржы министрлігі қазіргі таңда Блокчейн технологиясын енгізу мәселесін қарстыруда.

Аталған технология кез-келген орталықтандырылған мәліметтер жүйесінде революциялық жетістік болып табылады. Салықтық әкімшілендіру орталықтандырылған кешенді салық төлеушілер мәліметтерінің қоймасы ретінде пайдалануға негізделген.

Электронды құжат айналым жүйесі, соның ішінде электронды шот фактуралар, есепке алу жүйесі, тіркелімдер, тізілімдер- барлығы жаңа технологияға жарамдылығы тексеріледі.

Блокчейн технологиясын ең алғаш мен, «Арнайы Қосымша құн салығы-шоты» ақпараттық жүйесіне енгізуді жөн санаймын.

Әкімшілендіруде «Қосымша құн салығы-шотын» пайдалану уағдаласушы тараптар арасындағы операцияларды мониторинг жасап, барлық тараптарға ҚҚС-ғы қайтарылымын төлеуге мүмкіндік жасайды.

Блокчейн технологиясын іске қосқан кезде мемлекеттік және коммерциялық құрылымдардың өзара іс-қимылдары шапшаңдап, барлық тұтынушылар ешбір кедергісіз мемлекеттік қызмет түрлерін пайдалана алады.

 

3.   Тұтынушыларға бағдарланған тәсілді дамыту

Қаржы министрлігімен бизнес-ортаға қолайлы жағдай туғызу бағытында бірнеше ауқымды шаралар жүзеге асырылып жатыр.

42 Құжаттарды қабылдау және өңдеу орталықтарында тұтынушыларға ыңғайлы электрондық кезек жүйесі орнатылған. Сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары және салық төлеуші ретінде тіркелген кәсіпкерлердің біріктіріліп, бір есептік тіркелулері уақыт үнемдеуге септігін тигізіп отыр. Барлық ақпараттың бір жүйеге жиналуы, банктер арқылы онлайн төлемдер жасауға және артық төлемдер мен берешек туралы ақпаратты автоматты түрде алуға мүмкіндік туғызады. Осының әсерінен төлем туралы ақпараттың түсуі 2 күннен бірнеше минутқа дейін азайды.

Салық және кеден әкімшілендірудегі мемлекеттік қызмет түрлері  баламалы тәсілге ауысып, мемлекеттік қызметтерді  Электрондық үкімет порталы арқылы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясынан алуға болады. Қазіргі таңда 48 мемлекеттік қызмет түрінің 26 түрі баламалы негізде тапсыруға мүмкін болып отыр. Осындай мемлекеттік қызмет түрлерін 39-ға жеткізу көзделіп отыр. Қазіргі уақытта мемлекеттік қызмет түрлерінің 66 пайызы электронды түрге ауысқан.

Электрондық жүйеге көшкеннің арқасында, салық тіркелушінің қай жерде есепте тұрғанына қарамастан Қазақстанның кез-келген нүктесіндегі салық органдарынан қызмет түрлерін алу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

Жаңа кодексте салық төлеуді қатаң міндеттеу тәсілдері жеңілдетілетін болады. Сол себептен алдағы уақытта кәсіпкерлердің берешек мөлшеріне қарай банктегі шоттарын тоқтату мәселелері оңтайландырылатын болады. Мемлекеттік кіріс органдарымен  бұндай кәсіпкерлерге хабарлама жіберіп, ескерту әдістемесі қолданылады.

    

Назарларыңызға рахмет!