Print previewPrint

Баспасөз анонсы

9/13/2017

2017 жылғы 15 қыркүйек, Орал қ.

Орал қаласында 15 қыркүйекте қаржы вице-министрі Руслан Бекетаевтың төрағалық етуімен мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың нормаларына түсіндірме беру және сатып алудың жаңа тәсілдерін талқылау бойынша семинар өткізіледі.

Қаржымині «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік субъектілердің сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын әзірлегенін және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізілгенін атап өтеміз.

Семинар жұмысына Қаржы министрлігінің қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының әкімдіктері), «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық ұйымдардың, бизнес-қауымдастықтардың өкілдері қатысады.

Өткізілетін күні, уақыты және орны: 10 с. 2017 жылғы 15 қыркүйек, Орал қаласы, «Достық-Дружба» даңғылы, 201, Батыс Қазақстан облысы мәслихатының ғимараты.

БАҚ аккредиттеуі мына телефондар арқылы: 8(7172) 717332, 717034, 87756161636 жүргізіледі.

 

ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі

тел. 8 (7172) 75-03-75, 75-03-42

Электрондық  почта: minfingovkz@gmail.com

Сайт: www.minfin.gov.kz