Print previewPrint

Бақыт Сұлтанов: «Жасыл бастамалар» жаңа технологияларын енгізу мемлекеттік қолдауды талап етеді»

6/15/2017

Х АЭФ «Жаңа энергия – Жаңа экономика»

Бұл туралы ҚР Қаржы министрі Б.Сұлтанов Х «Жаңа энергия – Жаңа экономика» АЭФ шеңберінде өткен «Климат мәселелеріндегі саясат және Қазақстанда бюджетті жоспарлау үшін оның салдары» сессиясында мәлімдеді.

Сессияның ұйымдастырушы – Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі, бірлесіп ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі болып табылады.  

Модератор елдердің және ХҚДБ секторларының мәселелері жөніндегі басқарушы директор Маттиа Романи атап өткендей  «Қазақстан «Бір белдеу – бір жол» бастамасына байланысты ашылатын, оның ішінде «ЭКСПО-2017» барысында ашылатын Астана халықаралық қаржы орталығына арналған «жасыл» қаржыландыру жүйесін құру үшін жаңа мүмкіндіктерді пайдалануға тиіс. .

«Миллиондаған телекөрермендер таяуда «Би-Би-Сидің» Қытаймен шекарада «Қорғас» құрғақ портының құрылысы туралы деректі фильм көрді. Осыған ұқсас жаңа жобалар бүкіл әлемнің назарын аударады және бұл қызығушылық сондай-ақ жаңа мүмкіндіктер ашуға алып келеді деп үміттенеміз», - деді ол. Оның айтуынша ЕҚДБ жетекші инвесторлардың бірі болып табылады және Қазақстанда бірнеше арнайы бағдарламаларды іске асырады. ЕҚДБ-нің Қазақстандағы инвестицияларының жиынтық көлемі 7,3 млрд. еуроны, оның ішінде жаңартылатын энергетика мен ресурстар секторында 1,7 млрд. еуроны құрайды.

Сессияда негізгі спикер ретінде сөз сөйлей отырып, Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов «Қазақстанның жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасы» қабылданғанға дейін бұрын басталған «жасыл экономиканың» қазақстандық жолын қысқаша сипаттап өтті. Бұл 1989 жылы Семей ядролық полигонының жабылуы, Рио-де-Жанейрода 1992 жылы өткен БҰҰ-ның қоршаған орта және даму жөніндегі дүниежүзілік конференцияға және оның негізгі құжаттарын қабылдауға Қазақстанның қатысуы, Арал теңізін құтқаруға бағытталған Мемлекет Басшысының бастамалары, «жасыл экономикаға» көшу үшін нақты тетіктерді ұсынатын «Жасыл көпір» құру идеясы, 2013 жылы «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдаманы қабылдау. 

Сұлтановтың айтуынша тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізу және «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі келесі қадам стратегиялық бюджеттеуге көшу болып табылады. Бұл жағдайда мемлекет қаражатын (шығыстарын) нақты стратегиялық мақсаттарға, міндеттерге, тұтастай алғанда еліміздің даму басымдықтарына байланыстыру туралы сөз болып отыр.  

 «Бұл ретте экономиканы қайта бағыттау және неғұрлым тиімді әрі жасыл экономика жолына түсу елеулі шығындар мен тәуекелдерге алып келетінін түсіну қажет. «Жасыл бастамалар» жаңа технологияларын енгізу әсіресе бастапқы даму сатыларында мемлекеттік қолдауды, сондай-ақ мемлекеттік-жеке әріптестік, қаржыландырудың сервистік моделі, жобалық басқару сияқты мүлдем жаңа қаржыландыру технологияларын талап етеді», - деп атап өтті ҚР Қаржы министрі Б.Сұлтанов, «Қаржы министрлігі жаңа қаржы идеяларының белсенді жолсерігі болып табылады», - деп толықтырды.

Қаржы министрі «қойылған мақсаттарға неғұрлым тиімді қол жеткізу үшін бізге өңірлік даму мен өңірлік экономика саласында шешімдер қабылдауды орталықсыздандыру қажет», - деп атап өтті.

 

ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі