Print previewPrint

Бүгін ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов ЕҚДБ өкілдерімен кездесу өткізді

3/16/2017

Бүгін ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов ЕҚДБ өкілдерімен кездесу өткізді

ҚР Қаржы министрі Еуропа қайта құру және даму банкінің өкілдерін Қазақстан Республикасының 3.0 Модернизация бағдарламасы және
2050 жылға қарай әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына енуге бағытталған елдің реформалары туралы  хабарландырды.

Қаржы министрі «Мемлекет Басшысының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» халыққа Жолдауында белгіленген, «Қазақстан 2050» Стратегиясымен қойылған міндеттерге жету үшін бізге экономиканың өсімін, макроэкономикалық тұрақтылықты және терең реформаларды жүргізуді қамтамасыз ету қажет, - деп айтты.

Тараптар Қазақстан Республикасы үшін әзірленіп жатқан ЕҚДБ Елдік стратегиясының шеңберінде Қазақстанның Еуропа қайта құру және даму банкімен ынтымақтастығының келешегін талқылады.

Сондай-ақ ЕҚДБ және Қазақстанның бірлескен қолданыстағы жобалары мен Қазақстанның даму стратегиясын іске асыру шеңберінде біздің еліміздің қаржылық ұйыммен ынтымақтастығының одан әрі перспективалары талқыланды.