Print previewPrint

Жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін енгізу бойынша ауылдық әкімдердің форумы шеңберінде оқыту семинарлары өткізілгені туралы баспасөз релизі

11/10/2017

  Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін енгізу бойынша «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 98-қадамын іске асыру және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР 2017 жылғы 11 шілдедегі № 90-VI Заңы нормаларын түсіндіру мақсатында ауылдық әкімдерінің форумы шеңберінде оқыту семинарларын өткізді.

Төрт аймақтық оқыту семинарлары жергілікті өзін-өзі басқарудың (ЖӨБ) бюджеттерін жоспарлау және атқарылуы, коммуналдық меншігін басқару мәселелерін қамтыды.

28 қыркүйекте Өскемен қаласында Шығыс-Қазақстан және Павлодар облыстарының ауылдық әкімдерінің қатысуымен.

12 қазанда Көкшетау қаласында Ақмола, Қарағанда, Қостанай және Солтүстік-Қазақстан облыстарының ауылдық әкімдерінің қатысуымен.

26 қазанда Шымкент қаласында Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік-Қазақстан облыстарының ауылдық әкімдерінің қатысуымен.

2 қарашада Ақтобе қаласында Ақтобе, Атырау, Маңғыстау және Батыс-Қазақстан облыстарының ауылдық әкімдерінің қатысуымен.

Ауылдық округтер деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың бюджеті – мемлекеттік бюджеттің IV деңгейі ретінде кезең-кезеңмен 2018 жылдан бастап тұрғындардың саны 2 мың адамнан астам әкімшілік-аумақтық бірліктерде, 2020 жылдан бастам – жаппай енгізіледі.

Оқыту семинарлар шеңберінде бюджет процесi, кірістердің түсу, қазынашылық жүйесіндегі жұмыс, мемлекеттік сатып алуды жүргізу рәсімдерінің, мемлекеттік меншікті есепке алу және коммуналдық меншігін басқару ерекшеліктері түсіндірілді.

Форумға қаржы және ұлттық экономика министрліктерінің басшылары, аймақтардың әкімдері, БҰҰДБ ҚР Тұрақты өкілінің өкілдері, тәуелсіз сарапшылар қатысты.

Осы семинарларда ең көкейкесті мәселелер бойынша жауаптар ұсынылды, әдіснамалық көмек және кеңес беру көрсетілді.