Print previewPrint

Аккредиттеуді өткізу туралы хабарландыру

7/13/2017

Аккредиттеуді өткізу туралы хабарландыру

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1089 қаулысына сәйкес кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің қызметі шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларына сараптама жүргізу үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне және мүдделі коммерциялық емес ұйымдарға аккредиттеу жүргізу туралы хабарлайды.

Аккредиттеуге қатысуға өтінімдер тиісті құжаттарымен бірге осы хабарландыру жарияланғаннан кейін 10 жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне мынадай мекен-жай бойынша ұсынылады: Астана қаласы, Жеңіс даңғ., 11, 715 кабинет.

Қосымша ақпарат мен анықтаманы мынадай телефондар арқылы алуға болады: 71-85-74.