Print previewPrint

«Чек талап ет те, жүлде ұтып ал!» акциясының қатысушылары жалпы сомасы 2 млрд.теңгеден асатын чектерді жіберген

11/27/2019

Мемлекеттік кірістер комитеті «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп «Wipon» мобильді қосымшасы арқылы «Чек талап ет те, жүлде ұтып ал!» ақциясын жалғастыруда.

Ағымдағы жылдың 21 тамызы мен 24 қарашасы аралығында акцияға 18 410 пайдаланушы қатысты, олар 2 245 649 559,7 теңге сомаға 396 479 чек жіберді, қазіргі уақытта 3 112 жеңімпаз айқындалды.

Өткен апта  қорытындысы бойынша 498 жеңімпаз анықталды, оның ішінде ең көп жеңімпаздар: Қостанай облысында – 58, Алматы қаласында – 54, ШҚО, Қызылорда облысында – 47, Шымкент қаласында-45, Нұр - сұлтан қаласында-33.

Акцияға қатысу үшін онлайн БКМ чектерін қабылдау ағымдағы жылғы 21 тамыздан 30 қарашаға дейінгі кезеңде жүзеге асырылатынын еске саламыз.

Акцияға онлайн-БКМ фискальды чегінің деректерін ұсыну жолымен тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің сатып алуын растаған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Чекті жөнелткеннен кейін қатысушыда 5000 теңгеге дейін өз теңгеріміне қаражат ұтып алу мүмкіндігі болады. Жедел жүлде қоры 3 000 000 теңгені құрайды. Сондай-ақ барлық жөнелтілген чектер акцияның бас жүлде ұтысы – автомобильде қатысады.

Сондай-ақ БКМ фискалдық чегін бермеген жағдайда, азаматтар осы бұзушылықтарға бейне материалдарды қоса бере отырып шағым жөнелтуі мүмкін.

Айта кетейік, акция азаматтық белсенділікті арттыруға, азаматтардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді тұтынушы ретінде өз мүдделерін қорғау мәселелерінде құқықтық мәдениеттерін тәрбиелеуге, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқартуға, сондай-ақ кәсіпкерлер арасында адал бәсекеге қабілеттілікті ынталандыруға бағытталған.